Заң ғылымының дамуы: заманауи құқықтық зерттеулердегі әлеуметтік ғылым әдістерінің маңыздылығы

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2025-151-2-11-26
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада заң ғылымында әлеуметтік ғылым әдістерін қолданудың маңыздылығы, әдістемелік әртүрлілікті кеңейтудің және құқықтық талдаудың тәжірибелік рөлін арттыру қажеттілігі қарастырылған. Зерттеу жұмысына қажетті деректер ресми ақпарат көздерінен, құқықтық және саяси құжаттардан, мемлекеттік тұжырымдамадан алынды. Алынған ақпарат тақырыптық талдау арқылы зерделеніп, заңнаманы жүзеге асырудағы негізгі үрдістер категориялар бойынша жүйеленді. Сондай-ақ, заңнаманың тиімділігін бағалау үшін құқық қолдану тәжірибесіне зерттеу және салыстырмалы құқықтық талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде заң ғылымында бұған дейін қолданып келе жатқан доктриналық әдістер басымдыққа ие болғанымен, олар құқықтық нормалардың іс жүзінде қолданылуын бағалау, құқық қорғау қызметіне әлеуметтік-саяси ықпалды талдау және қарқынды дамып жатқан салалардағы құқықтық үрдістерді болжау үшін жеткіліксіз екені көрсетілді. Доктриналық әдістің әлсіз тұстарын жою үшін отандық заң ғылымында зерттеулер сапалық және сандық тәсілдерді біріктіретін пәнаралық әдістемені қолдануды ұсынады. Мұндай идеяларды жүзеге асыру үшін институционалдық қолдау, академиялық дайындық және докторантура бағдарламасында оқу жоспарын жетілдіру қажет, соның ішінде болашақ заңгерлерді халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес тәжірибелік зерттеу дағдыларымен қамтамасыз ету маңызды. Ғылыми нәтижелер теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою үшін дәлелдерге негізделген құқықтық талдау қажеттігін және құқықтық жүйенің қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделуін жетілдіру мүмкіндіктерін айқындайды.