МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫМАҒАН III ДЕҢГЕЙДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ФРАЗАЛЫҚ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ЗЕРТТЕУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2960-1673.2025.81.2.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Сөйлеу тілі балалардың әлеуметтік және психологиялық дамуының маңызды аспектісі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің дұрыс дамуы олардың оқу мен қоғамда өздерін дұрыс сезінуіне, сондай-ақ когнитивті және әлеуметтік дағдыларды меңгеруіне үлкен әсер етеді. Алайда, кейбір балалардың сөйлеу тілінің жалпы дамымауы байқалып , сөйлеу қабілеттері жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл мәселе әсіресе сөйлеу тілі жалпы дамымаған III дең-гейдегі балаларда байқалады, оларда фразалық сөйлеудің қалыптасуы ерекше қиындықтар туғызады. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы, оның ішінде фразалық сөйлеудің қалыптаспауы, балалар-дың білім алу процесінде, сондай-ақ жалпы әлеуметтік қарым-қатынастарында қиындықтар тудыруы мүмкін. Осы себепті, бұл мақала мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілі жалпы дамымаған III деңгейдегі балалардың фразалық сөйлеу тілін дамыту ерекшеліктерін зерттеуге арналған.