КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ: СТРАТЕГИЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2025.86.2.004
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Креативті экономика әлемнің әртүрлі елдерінде экономикалық өсудің және әлеуметтік трансформацияның негізгі факторларының біріне айналуда. Мақалада Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Канада, Индонезия және Қазақстан мысалдары арқылы креативті индустрияны қолдаудың мемлекеттік стратегиялары қарастырылған. Cондай-ақ, экспорттық стратегиялардың ерекшеліктері мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қолдау тетіктері мемлекеттік секторды дамытудағы рөлі талданады. Мемлекеттік саясаттың үш негізгі моделі анықталды: нарықтық (Ұлыбритания), орталықтандырылған (Оңтүстік Корея) және әлеуметтік бағдарланған (Канада). Алынған нәтижелер Қазақстанда және басқа елдерде креативті индустрия саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін пайдалы болуы мүмкін.