АЗИЯЛЫҚ ЖАЛБЫЗ (MENTHA ASIATICA BORISS.) ЭКСТРАКТЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Vestnik, 2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53065/kaznmu.2025.73.2.002
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кіріспе. Азиялық жалбыз (Mentha asiatica Boriss.) – антисептикалық, қабынуға қарсы және спазмолитикалық қасиеттерімен танымал жалбыз (Mentha L.) тұқымдасының өкілі. Бұл өсімдіктің фармакологиялық белсенділігі биологиялық белсенді қосылыстардың, соның ішінде монотерпендер (ментол, ментон, пулегон), сесквитерпендер (β-кариофиллен) және флавоноидтардың жоғары құрамымен байланысты, олар ағзадағы физиологиялық процестерге кешенді әсер етеді. Фармакологиялық қасиеттерінің оң әсеріне қарамастан, кейбір зерттеулер фенолдық қосылыстар мен терпеноидтар ұзақ уақыт қолданғанда немесе жоғары дозаларда нефро- және гепатоуыттылық тудыруы мүмкін екенін көрсетеді. Жануарларға жүргізілген тәжірибелер жоғары концентрациядағы азиялық жалбыз (Mentha asiatica Boriss.) экстракттары бауыр, бүйрек және асқазан тіндерінде дистрофиялық өзгерістер мен некрозға әкелуі мүмкін екенін көрсетті. Ұзақ уақыт жоғары дозада қолданғанда бауыр жасушаларының митохондриялық белсенділігінде өзгерістер байқалды, бұл ішкі органдардыңзақымдануына алып келеді. Мақсаты. Азиялық жалбыз (Mentha asiatica Boriss.) экстрактының қауіпсіздігін, өткір және созылмалы уыттылығын бағалау. Материалдар мен әдістер. Зерттеу салмақтары 20-30 г, жасы 8-10 апталық, аталық (♂) ақ түсті альбинос тышқандарға жүргізілді. Жануарлар стандартты виварий жағдайында ұсталып, зерттеу басталғанға дейін 10 күндік карантиннен өтті. Экстракт 14 күн бойы зонд арқылы пероральды жолмен енгізілді. Тәжірибе аяқталғаннан кейін жануарлар декапитация әдісімен өлтірілді, содан кейін бауыр, бүйрек және асқазан тіндерінің морфологиялық және гистологиялық зерттеулері гистологиялық жалпы қабылданған принциптерге сәйкес гематоксилин-эозин бояуымен жүргізілді. Нәтижелер. Бақылау тобының ағзалар құрылымында айтарлықтай өзгерістер байқалмады. 500 мг/кг дозасын алған топта бүйрек стромасының ісінуі және асқазан бездері эпителийінің паренхиматозды дистрофиясы анықталды. 2000 мг/кг дозасында бауырда некроз ошақтары, бүйрек өзекшелері эпителийінің тегістелуі, сондай-ақ асқазан тіндерінің ісінуі байқалды. 5000 мг/кг дозасында бауырда кең көлемді некроз, асқазанның шырышты қабатының бұзылуы және бүйректерде айқын дистрофиялық өзгерістер анықталды. Қорытынды. Алынған деректер азиялық жалбыз экстрактының уыттылығының дозаға тәуелді сипатын растайды. Доза артқан сайын ағзалардағы морфологиялық өзгерістер зақымданудың айқын (гепато және нефроуыттылығын) белгілерін көрсетеді. Введение. Азиатская мята (Mentha asiatica Boriss.) -представитель рода мята (Mentha L.), известный своими антисептическими, противовоспалительными и спазмолитическими свойствами. Фармакологическая активность этого растения связана с высоким содержанием биологически активных соединений, включая монотерпены (ментол, ментон, пулегон), сесквитерпены (β-кариофиллен) и флавоноиды, которые оказывают комплексное влияние на физиологические процессы в организме. Несмотря на положительное воздействие фармакологических свойств, некоторые исследования показывают, что фенольные соединения и терпеноиды могут вызывать нефро- и гепатотоксичность при длительном применении или высоких дозах. Эксперименты на животных показали, что экстракты азиатской мяты (Mentha asiatica Boriss.) в высоких концентрациях могут приводить к дистрофическим изменениям и некрозу тканей печени, почек и желудка. При длительном применении в высоких дозах наблюдаются изменения митохондриальной активности клеток печени, что может свидетельствовать о механизмах повреждения этого органа. Цель. Оценка безопасности, острой и хронической токсичности экстракта мяты азиатской (Mentha asiatica Boriss.). Материалы и методы. Исследование проводилось на белых альбиносных мышах- самцах (♂) весом 20-30 г и возрасте 8-10 недель. Животные содержались в стандартных виварийных условиях и прошли 10-дневный карантин до начала эксперимента. Экстракт вводился перорально через зонд в течение 14 дней. По завершении эксперимента животные были убиты методом декапитации, после чего проводились морфологические и гистологические исследования тканей печени, почек и желудка, с окрашиванием гематоксилин-эозином в соответствии с общепринятыми методами. Результаты. Значительных изменений в структуре органов контрольной группы не наблюдалось. В группе, получившей дозу 500 мг/кг, был выявлен отек стромы почек и паренхиматозная дистрофия эпителия желез желудка. В дозе 2000 мг/кг в печени отмечались очаги некроза, уплощение эпителия почечных канальцев, а также отек тканей желудка. В дозе 5000 мг/кг выявлены обширные некрозы в печени, нарушения слизистой оболочки желудка и выраженные дистрофические изменения в почках. Заключение. Полученные данные подтверждают дозозависимый характер токсичности экстракта азиатской мяты (Mentha asiatica Boriss.). Морфологические изменения в органах по мере увеличения дозы свидетельствуют о прогрессирующем характере поражения, что свидетельствует о потенциальной гепато - и нефротоксичности растения в высоких дозах. Introduction. Mentha asiatica Boriss. is a member of the mint genus (Mentha L.) known for its antiseptic, anti-inflammatory and antispasmodic properties. The pharmacological activity of this plant is associated with a high content of biologically active compounds, including monoterpenes (menthol, menthone, pulegone), sesquiterpenes (β-caryophyllene) and flavonoids, which have a complex effect on physiological processes in the body. Despite the positive effects of pharmacological properties, some studies show that phenolic compounds and terpenoids can cause nephro- and hepatotoxicity with prolonged use or high doses. Animal experiments have shown that extracts Mentha asiatica Boriss. in high concentrations can lead to dystrophic changes and necrosis of liver, kidney and stomach tissues. At long-term use in high doses, changes in mitochondrial activity of liver cells are observed, which may indicate mechanisms of damage to this organ. Objective. To evaluate the safety, acute and chronic toxicity of peppermint extract Mentha asiatica Boriss. Materials and methods. The study was conducted on white albino male mice (♂) weighing 20-30 g and aged 8-10 weeks. The animals were kept in standard vivarium conditions and were quarantined for 10 days before the experiment. The extract was administered orally via a probe for 14 days. At the end of the experiment, the animals were killed by decapitation, after which morphological and histological studies of liver, kidney and stomach tissues were performed, with hematoxylin-eosin staining according to generally accepted methods. Results. No significant changes in the structure of organs of the control group were observed. In the group that received a dose of 500 mg/kg, edema of the renal stroma and parenchymatous dystrophy of the epithelium of the glands of the stomach were detected. At a dose of 2000 mg/kg, foci of necrosis, flattening of renal tubule epithelium, and oedema of gastric tissue were observed in the liver. At a dose of 5000 mg/kg, extensive necrosis in the liver, abnormalities of the gastric mucosa and pronounced dystrophic changes in the kidneys were detected. Conclusion. The data obtained confirm the dose-dependent nature of toxicity of the extract of Mentha asiatica Boriss. Morphological changes in organs as the dose increases indicate a progressive nature of the lesion, which means the potential hepatotoxicity and nephrotoxicity of the plant at high doses.