PM-2.5 аэрозольдеріндегі бериллий-7 атмосфералық белсенділігі: қолданылуы, тенденциялары және экологиялық перспективалары.

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6836-2025-151-2-115-135
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада PM2.5 аэрозольдеріндегі космогендік бериллий-7 радионуклидінің атмосфералық белсенділігі туралы заманауи зерттеулерге шолу берілген. Ғарыштық сәулеленудің әсерінен атмосфераның жоғарғы қабаттарында пайда болған бериллий-7 тропосфера мен стратосфера арасындағы алмасу процестерінің көрсеткіші ретінде, сондай-ақ аэрозольдер мен ластаушы заттардың тасымалдау жолдарын бақылау үшін кеңінен қолданылады. Бұл мақалада бериллий-7 физика-химиялық қасиеттері, оны анықтау әдістері, таралудың маусымдық және кеңістіктік заңдылықтары, сондай-ақ метеорологиялық параметрлермен және PM2.5 көздерімен байланыс қарастырылады. Сонымен қатар аэрозольдердің трансшекаралық тасымалын бағалау, экологиялық және санитарлық салдарды талдау, сондай-ақ ауа сапасының халықаралық стандарттарымен салыстыру үшін бериллий-7 қолдануға ерекше назар аударылады. Бериллий-7 деректерін атмосфералық процестерді бақылау және модельдеу жүйелеріне біріктіруге байланысты қазіргі тенденциялар мен қиындықтар жалпыланған. Мақала бериллий-7-ні ауа сапасын бағалауды жақсарту, денсаулық пен қоршаған ортаға қауіп-қатерді басқару және атмосфералық мониторинг саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін пайдаланудың ғылыми және практикалық маңыздылығын көрсетеді.