Отандық БАҚ-тың технологиялық және саяси факторлары

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2025-151-2-84-94
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала саяси журналистикаға ықпал етуші технологиялық және саяси факторларды талдауға арналған. Мақалада қазіргі қазақ саяси журналистиканың алғашқы бастау көздері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің жарыққа шығуының өзі қоғамдық ортаға сауатты ақпаратты тарату, саяси сауатын арттыру негізінде ел санасына әсер ету мақсатынан туғандығын негізге ала отырып, бүгінгі журналистикадағы саяси бағыттағы материалдармен жұмыстың теориялық мәселесі талданады. Мақсатымыз – қазіргі БАҚ-тағы саяси материалдарға ықпал ететін технологиялық және саяси факторлардың теориялық негіздерін айқындау. Мақалада зерттелген теориялық тұжырымдарды қазақ БАҚ-тарындағы саяси материалдарды талдауда қолдануға, осы саладағы дайындалатын ғылыми-зерттеу еңбектерінде болады. Біз бұнда салыстыру, талдау, шолу, жинақтау әдіс-тәсілдері қолданылды. Бұнда қазіргі саяси журналистикаға әсер ететін технологиялық және саяси факторлар туралы талдау берілді. Осы талдауларды теориялық тұжырым ретінде ал отырып, қазақ тіліндегі бұқаралық-ақпарат құралдарындағы саяси материалдарға талдау жасауға, қоғамдық ортаның саяси материалдарды қабылдау деңгейлеріне, ықпал етуші факторлардың орнын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу құндылығы – саяси журналистиканың негізгі мақсаты қоғамдық ортаның саяси сауатын көтеру, халықтың өзінің болашағына деген жауапкершілігін арттыру, бұқаралық-ақпарат құралдары материалдарымен жұмыс істеудің технологияларына дағдыландыруға бағыттайтын ой-тұжырымдар берілуімен құнды. Берілген теориялық талдаулар саяси журналистиканың теориялық нысаны болатын ықпал етуші факторлар жайындағы кең көлемдегі зерттеулерге ұласады.