Қазақстанның мәдениет пен өнер арнаулы орта оқу орындары Ұлы Отан соғысы жылдарында. 1941-1945 жж.: құрылымы және динамикасы

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-129x-2025-152-3-21.06
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның екі мәдениет және өнер арнаулы орта оқу орындары мысалы негізінде білім ошақтары тарихының жаңа беттерін зерделеуге арналған. Жұмыстың мақсаты – республикадағы қалыптасқан тарихи және әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты мәдениет пен өнер саласының мамандарын кәсіби даярлаудың негізгі ошақтары болған арнаулы орта оқу орындарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы маман даярлау тәжірибесіне тарихи-жүйелік талдау жасау. Мақалада архив құжаттарының жаңа үлкен бөлігін ғылыми айналымға енгізу арқылы оқу орындарының даму динамикасындағы сандық және сапалық өзгерістерді талдауға, соғыс тауқыметі мен қиындығы жағдайында қол жеткізген нәтижелерін анықтауға, Ұлы Отан соғысы қарсаңында арнайы шақырылған және соғыстың алғашқы жылдары эвакуацияланып, кейін шығармашылық-педагогикалық қызметінің тұтас кезеңін Қазақстанмен байланыстырған одақтық деңгейдегі жекелеген шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің мәдениет пен өнер оқу орындарының қалыптасуы мен дамуы, білім ошақтарының жұмысын жаңа сатыға көтерудегі өлшеусіз еңбегін зерделеуге негізгі назар аударылды. Авторлар мақаланың зерттеу нысаны болып отырған екі арнаулы орта оқу орнының бірі Музхоркомбинат базасында құрылған соғыс жылдарының жемісі, тұңғыш жоғары өнер ордасы – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының құрылуын да қарастырады. Кең ауқымды архив құжаттары мен тарихи куәгерлер естеліктерін талдау барысында соғыс кезеңінің ауыр әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтары жағдайындағы аталмыш оқу орындары қызметінің қайнар көздері, құрылымы мен динамикасы, олардың мәдениет және өнер мекемелері үшін маман даярлауға қатысуы, көрнекті мәдениет пен өнер қайраткерлері – педагогтардың қазақ музыкасы, театры мен бейнелеу өнерін жаңа тақырыптар және туындылармен толықтырудағы айтулы үлесі талданды. Кейін республика мен одақ деңгейінде танымал болған болашақ өнер майталмандары-студенттердің есімдері анықталды. Елдегі жағдайға байланысты қалыптасқан объективті және субъективті факторлардың студенттер контингентіндегі динамикалық көрсеткіштерге әсері, оқу орнындағы қазақ студенттерінің үлесі, білім алушы қазақ жастары мен басқа халық өкілдері арасалмағындағы айтарлықтай алшақтықтың себептері белгілі болды. Соғыс жағдайына байланысты өзара біріктірілген оқу орындары орталық және жергілікті үкімет органдары мен ведомостволарының, оқу орындары басшылығы мен тұтас ұжымының күш жұмылдыруы, тынымсыз еңбегі арқасында соғыс теперіштерін табыспен игергендігін аңғарамыз. Авторлар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұсынылып отырған жұмыстың нәтижелері тарихи жадымызды сақтауға, бейбітшілікті бағалауға, республикамыздың кәсіптік білім беру мекемелері тарихының жаңа беттерін ашуға септігін тигізеді деп сенім білдіреді.