Қазақстан телеарналары жаңалықтар қызметіндегі жаңа технологиялық үрдістер

Herald of journalism, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj202576209
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әлемдік ақпараттық кеңістіктегі өзгерістер Қазақстан медиа саласына да әсер етті. Бұл әсіресе күнделікті ақпарат таратумен айналысатын жаңалықтар қызметі келбетінің өзгеруіне әкелді. Ғылыми жұмыстың мақсаты – тележаңалықтар қызметіндегі ақпарат беру әдіс-тәсілдеріндегі өзгерістерді, жаңалықтың эфирден беру реттілігіне қойылатын талаптарын және технологиялық прогрестің жаңалықтар мазмұны мен эстетикасына әсерін анықтау. Телеарналардағы жаңалықтар қызметі – жан-жақты зерттелген сала болғанымен, ондағы заманауи үдерістер үнемі саралауды талап етеді. Зерттеудің идеясы – телевизиялық ақпараттың сапалық ерекшеліктерін ашу арқылы оның заманауи медиажүйедегі орнын айқындау. Ғылыми-практикалық мәні – бұл зерттеу тележурналистиканың қазіргі даму үрдістерін түсінуге мүмкіндік береді және телевизиялық жаңалықтар қызметін жетілдіруге қажетті практикалық ұсыныстарды айқындайды. Әлеуметтік желілердің ықпалы артып жатқан кезеңде, телевизияның өзіндік артықшылықтарын сақтап қалу жолдарын қарастырады. Зерттеу әдіснамасы – жұмыс барысында 24kz, 31-арна, КТК секілді танымал отандық арна өнімдері талданып, ғалымдар, медиамамандар мен сарапшылар пікірі негізінде салыстырмалы талдау жасалып, тәжірибелік маңызы анықталды. Құндылығы – бұл мақала тележурналистиканың кәсіби және технологиялық жаңару жолдарын көрсету арқылы отандық телевизияның сапалы дамуына ықпал етеді. Жаңалықтар эстетикасының өзгерістері, аудиторияға ақпарат жеткізу әдістерінің эволюциясы практикалық және теориялық деңгейде зерделенді. Сондай-ақ, телеарна басқа бейнеплатформалармен бәсекелестікке түстік деп, өзінің кәсіби деңгейін түсіріп алмау мәселесі, телевизия – сапалы өнім өндіретін орта, технологиялық прогресс ТВ-дағы үрдістерді үнемі өзгертіп тұратындығы, телевизиялық бейнеконтент құндылығын түсіріп алмау қажеттігін қамтуымен құнды.