Балалар құқығын қорғаудағы медианың рөлі: мәселелер мен шешімдер

Herald of journalism, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj202576208
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Балалар – Қазақстан қоғамындағы ең осал топтардың санатына жатады. Осы осалдықты еңсерудің жоғары қажеттілігін мойындау ретінде Қазақстан Конституциясына баланың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі ережелер енгізілді. Ғылыми мақаланың мақсаты – отандық БАҚ-тың бала құқықтарын сақтау әдіс-тәсілдерін және ақпараттық қолдау алгоритмдерін анықтау. Ғылыми тұжырымдама мен идеяның негізі ретінде нақты қағида тұжырымдалған, яғни қоғамның әрбір мүшесі балаларды қорғауды және олардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін жауапкершілікті міндетті деп санайды, сондай-ақ осы бағыттағы отандық онлайн-медианың мүдделері мен жауапкершілік деңгейін саралау ұсынылады. Авторлар кейбір қазақ тілді әлеуметтік желілер жауапкершілікті елемей, осы тақырыптардың моральдық және этикалық маңыздылығын түсінбей, сенсациялық және рухани құлдырауға әкеліп ұрындыратын жаңалықтардың өршуінің барған сайын қауіпті көздеріне айналуда деген қорытындыға келеді. Зерттеу барысында авторлар "оңай нысанға айналу" тұжырымдамасын алға тартады, онда бұқаралық ақпарат құралдары балалардың құқықтары мен психологиялық жағдайын ескермей, олардың өміріне көзсіз батылдықпен араласудың салдарын ескермей, "баланың жеке шекарасын" бұза отырып, жеке ақпаратты таратқан жағдайларда балалардың қауіп-қатердің тұзағына түсетіні сипатталады. Сондай-ақ, мақалада балалар туралы БАҚ-та дұрыс ақпарат беру бойынша практикалық ұсыныстар, балалардың жанын жаралайтын деректермен жұмыс істеу ережелері берілген, сонымен қатар нақты мысалдар келтірілген, этикалық және құқықтық шектеулер сипатталған.