ҚЫТАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРІ

Journal of Oriental Studies, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jos202511327
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қытай мәдениетінің жаһандану кезеңіндегі өзгерістері, мәдени реформалары мен жаһандық үдерістердің мәдениетке әсері мен дәстүрлі мәдениеттің жаңғыру тенденциялары талданады. Жаһандану жағдайында Қытай мәдениеті қоғам өмірінің негізгі аспектілеріне ықпал ете алатындай елеулі өзгерістерге ұшырайды. Жаһандану, бір жағынан, қытайлық мәдени құндылықтардың, дәстүрлер мен тілдің елден тыс таралуына ықпал етеді, оның әлемдік аренаға әсерін күшейтеді. Екінші жағынан, бұл мәдениеттердің өзара әрекеттесуіне және өзара енуіне әкеледі, ал ол қытай мәдениетінің дәстүрлі элементтерінің байытылуын да, өзгеруін де тудырады. Тaқырыпты зeрттeудегі басты мақсаты- Қытайдың жаһандану жағдайындағы мәдени әртүрлілік мәселесін анықтау мен өзіндік қытайлық дәстүрлі мәдениетті сақтаудың шартын қарастыру болды. Тақырыпты зерттеудің негізгі мiндeті- қазіргі Қытайдағы дәстүрлі қытай мәдениетінің елді модернизациялауға ықпал ететін мемлекетті басқарудағы жаңа идеологиямен байланысын анықтау. Себебі, дәстүрлі қытай мәдениетін сақтау және дамыту Қытайдың қарқынды экономикалық өсуіне оң әсер етеді. Ал, мәдениеттің әртүрлілігі мен бірлігі- қазіргі әлемдегі мәдени әртүрлілікті дамытудың екі ажырамас аспектісі. Сондықтан жаһандану жағдайында мәдениеттің біртұтастығы қағидатын жалпыадамзаттық құбылыс ретінде ұстану ғана емес, сонымен бірге кез-келген ерекше мәдениетті сақтау қағидатына сүйене отырып, мәдени әртүрлілікке төзімділікті арттыру қажет, олардың әрқайсысы әр түрлі дәрежеде жаһандану процестеріне әсер етеді. Зерттеудің басты жаңалығы да осы- мәдени әртүрлілік пен мәдени біртұтастық ұғымын біріктіре даму үстіндегі Қытайдың жаһандану үдерісіндегі мәдени трансформациясын толықтай зерттеу. Себебі, қытай мәденетінің өзгеріске ұщырауына бірнеше факторлар әсер етті. Ең маңызды аспектісі- цифрландыру мен әлеуметтік медиа, олар қытай мәдениетін шетелде танымал ету платформасына айналды. Сонымен бірге, ел ішінде мәдени мұраға деген қызығушылықтың артуы байқалды, бұл дәстүрлі тәжірибелердің жандануынан және олардың қазіргі жағдайларға бейімделуінен көрінеді. Түйін сөздер: жаһандану, ұлттық бірегейлік, мәдени алмасу, цифрландыру, революция.