ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылық салдарын салыстырмалы талдау демографиялық аспект

Gumilyov Journal of History, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-129x-2025-151-2-145-170
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ашаршылықтың тарихи және демографиялық аспектілерін зерттеуге арналған. Аталған кезеңде Қазақстанда 1921-1922 және 1931-1933 жылдары екі ірі ашаршылық орын алғаны белгілі. Екі жағдайда да аштық құрбандары болған адамдар саны миллиондап есептеледі. Аралығы он жылды құраған бұл аштықтардың демографиялық салдарына салыстырмалы талдау жасау мақаланың мақсаты ретінде алдынды. Мұрағат құжаттарын, халық санағы материалдарын және статистикалық мәліметтерді қолдану, аштық салдарына салыстырмалы талдау жасау, сондай-ақ аштық зардаптарын, залал ауқымын және олардың республика халқының өміріне тигізген әсерін демографиялық талдау әдісін қолдану зерттеу міндеттері ретінде анықталды. Нақты атап айтар болсақ, зерттеу міндеттеріне өлшемдер бойынша статистикалық мәліметтерді кезеңдер бойынша, жас ерекшелігі бойынша, орналасқан жері бойынша, сандық және пайыздық арақатынастары бойынша жүйелеу, сандар мен деректерді талдаудың салыстырмалы әдісін қолдану, ХХ ғасырдың қос аштықтан кейінгі демографиялық ахуалдың бейнесін құрастыру, кестелер мен статистикалық сызбаларда келтірілген сандық деректерге талдау жасау жатқызылды. Әртүрлі өлшемдер арқылы қос аштықтың статистикалық мәліметтерін салыстыра отырып жүйелеу зерттеу әдіснамасының ерекшелігі болып отыр. Зерттеу нәтижелері аштықтың демографиялық әсерін зерттеу үшін салыстырмалы талдау әдісін қолдану тақырыпты тереңірек зерттеуге ықпал ететінін көрсетті. Дегенмен, аталған мақаланы жазу барысында бірқатар қиындықтардың болды. Олардың қатарына бірқатар аймақтар мен аудандардың халық саны көрсетілмегенін, аштық жылдарынан бірнеше уақыт өткен соң жүргізілген санақ мәліметтеріндегі жалпылама көрсеткіштерді жатқызуға болады. Сондай-ақ адам шығыны деп көрсетілген мәліметтерден ішкі және сыртқы көші-қондағы үлесінің арақатынасы, жергілікті органдардың берген ақпараттарының ресми статистикалық органдармен қарама-қайшылығы, ауруға ұшырау (өлімнің аурудан немесе аштықтан болуы) мен өлім-жітімнің тіркелмеген жағдайларын анықтау секілді бірқатар қиыншылықтардың болғанын айта кеткен жөн. Жалпы зерттеу нәтижелері үш бөлімнен тұрады. Бірінші және екінші бөлімде 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың тарихи-саяси және демографиялық аспектілері қарастырылады. Үшінші бөлімде екі аштықтың демографиялық шығындарының салыстырмалы талдау нәтижесі ұсынылды. Алынған нәтижелер бойынша ашаршылық жылдары қазақтардың республикадағы адам шығыны жағынан ең жоғары көрсеткіш көрсеткені белгілі болды. Статистикалық мәліметтерді пайдаланып, талдау арқылы алынған қорытындылар Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылықтың неғұрлым толық демографиялық бейнесін жасау үшін эмпирикалық негіз бола алады.