Нәзирагөйлік дәстүрдің генезисі мен табиғаты: тарихи мәдени-философиялық талдау

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp20259111
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аталмыш жұмыста шығыс қисса-дастандары тақырыбы және Ұлы дала мәдениеті мен әдебиетінде зор із қалдырған нәзира дәстүрі тарихи-философиялық, мәдениеттанулық тұрғысында қарастырылады. Зерттеу шығыс сарындарының ретроспективалық аспектілерін талдауға және олар жеткізетін негізгі идеялар мен рухани бағыттарды анықтауға бағытталған. Мақсат – шығыстық шығармалардағы философиялық ұғымдар мен олардың дастаншыл-қиссашыл нәзира дәстүрі арналары арқылы ілгерілеу үдерісін анықтау және оның генезисін философиялық-мәдениаттанулық тұрғыдан зерделеу. Зерттеу әдістемесі философиялық концепция-тұжырымдамалар мен тарихи дәуірлеу әдістерін қолдана отырып, Қазақстан кітаби әдебиетінің мәтіндерін зерделеуді, тарихи-салыстырмалы талдауды, генетикалық тұрғына басшылыққа алады. Қисса дастандардың мазмұнын зерделей отырып, негізгі тақырыптар ашып көрсетілді: даналық, әділеттілік, тағдыр, жақсылық пен жамандық сияқты шығыс толғамдарында орын алған негізгі ойтүйерлер анықталды. Нәзираны әдіс-тәсіл ретінде қабылдау арқылы өзге мен өзінікін жетілдіріп синтездеп ұсыну және беру үрдісі талданады. Зерттеу сонымен қатар шығыс хикаят-әңгімелері мен дастандарының қазіргі қоғам үшін философиялық маңыздылығы ұсынылды, көне мифологиялық көріністердің әдеби тілдегі берілу жолдары мен олардың басқа да тілдерде қайта жырлануының өзіндік технологиялары көрсетілді. Нәзирагөлік дәстүрді арнайы институт ретінде қарастыра келе, оның қызметтерін, жалпылама табиғатын ашып көрсететін тұжырымдар ұсынылды. Оның генезисі тек әдеби дәстүрде ғана емес, жалпы қоғамдағы рухани мәдениетте: өнерде, әлеуметтік мифтерде, ғылым дамуында, оның ішінде жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарда да т.б. көрініс табатындығын анологиялық түрде көрсеттік. Бірақ адамзат руханиятындағы қайталалаулардың әрқилы форматта құрылымданатындығын туралы тұжырым жасай келе, нәзирагөйліктің өзіндік ерекшеліктерін атап өттік. Түйін сөздер: нәзира, миф, ұлттық бірегейлік, әдебиет, аударма, тіл.