Аңдатпа
Баяу кокстеу қондырғысының негізгі ректификациялық колоннасы мысалында күрделі формализацияланатын, айқынсыздықпен сипатталатын технологиялық нысандардың жұмыс режимдерін басқару бойынша шешім қабылдау есебінің математикалық қойылымы тұжырымдалған. Бұл ректификациялық колоннаның жұмыс сапасын бағалайтын критерийлер мен оларға әсер ететін колоннаның кіріс, режимдік параметрлері және оның өнімдерінің сапа көрсеткіштеріне қойылатын айқын емес шектеулер анықталған. Квазимаксимин және идеалды нүкте оптималдық принциптері комбинациясын айқынсыздыққа модификациялау арқылы айқын емес ортада шешім қабылдау есебі тұжырымдалып, оны шешу үшін эвристикалық тәсіл ұсынылған. Бұл тәсілдеме негізінде бастапқы ақпараттың қолжетімдігі мен өндірісте орын алған жағдайға байланысты басқа оптималдық принциптері мен олардың комбинациясын айқынсыздыққа бейімдеп, шешім қабылдау есептерін тұжырымдауға, оларды шешу эвристикалық тәсілдерін жасақтауға болатыны негізделген. Ұсынылған тәсіл айқынсыздықта өндірістік есептердің тиімді және адекваттығы жоғары шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Айқын емес шектеулері бар шешім қабылдау есебін шешуге ұсынылған эвристикалық тәсілі адам-оператор-компьютер арасында ақпарат алмасу арқылы шешімді жақсартуға негізделген итеративті тәсіл болып табылады. Соңғы тиімді шешімді шешім қабылдаушы тұлғамен өндірісте және нысан өндіретін өнімдер нарығындағы жағдайға байланысты қабылданады.