Аңдатпа
Ғылыми әдебиеттерді талдау бизнес-білім беру ауылдық жерлерде жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін маңызды болып табылатын көптеген факторлар арасында шешуші рөл атқаратынын көрсетті. Сонымен қатар бизнес-білім беру жастар арасында кәсіпкерлікті популяризациялау, кәсіпкерлік қызметті іске асыруға қажет теориялық және практикалық білім беру, бизнес дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкер болуға қажетті тұлғалық қасиеттерді дамыту сияқты бірқатар функцияларды атқаратындығын айқындады. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттерге талдау ауылдық және қалалық жерлердің негізгі параметрлеріне байланысты айырмашылықтарын ескере отырып, оқу бағдарламаларын, әдістемесін әзірлеу қажеттілігін көрсетті. Зерттеудің негізгі нәтижелері жастарға кәсіпкерлік ортаға қосылу үшін тәлімгер рөлінің маңызды екенін анықтады.Көп жағдайда жастар бизнесті жүргізуде тәжірибесі бар өздерінің әлеуметтік ортасынан немесе бизнес-курстар мен тренингтерде жаттықтырушылардан және коучтерден кеңес іздеуге тырысатындығы, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту орталықтарына жүгінетіні айқындалды. Оған қоса, сұрау нәтижелеріне сәйкес кәсіпкерлік саласында білім беруді жетілдіруде өскелең ұрпақтың бизнесін іске асыруына маркетинг, құқық, қаржы саласында білімдердің жетіспеушілігі мәселесіне назар аудару қажеттілігі белгілі болды. Зерттеу нәтижелеріне талдау жасау негізінде ауылдық елді мекендерде жастарды кәсіпкерлік ортаға қосу үшін бизнес-білім беру бойынша ұсыныстар әзірленді. The analysis of scientific literature has shown that business education plays a key role among many factors that are significant for the development of youth entrepreneurship in rural areas. In addition, it performs a number of functions such as popularizing entrepreneurship among young people, providing theoretical and practical knowledge necessary for entrepreneurial activity, developing business skills and personal qualities necessary for entrepreneurs. Along with this, the analysis on the research problem showed the need to develop curricula and methods taking into account the differences in the main parameters of rural and urban areas. The main findings of the study showed that the role of mentors is important for joining the entrepreneurial environment. Young people turn to entrepreneurship development centres and seek advice from people in their social circle who have experience in the areas necessary for implementing a business, as well as from trainers in business courses and trainings. In addition, based on the survey results, it was determined that in order to improve entrepreneurial education, it is necessary to pay attention to the problem of lack of knowledge in the field of marketing, law, finance among the younger generation to implement their business. Based on the analysis of the research results, recommendations were developed in the field of entrepreneurial education to involve young people in the entrepreneurial environment in rural areas.