ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МОНОҚАЛАЛАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ СЦЕНАРИЙІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2025.1(58).42
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың инновациялық даму әлеуеті мен мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды. Зерттеу барысында моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау арқылы олардың болашақтағы даму бағыттарына болжам жасалды және даму сценарийлері айқындалды. Моноқалалардың даму әлеуетіне сәйкес оларды мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары мен тетіктері ұсынылды. Ұсынылған әдістемеге сүйене отырып, моноқалалардың даму басымдықтары мен әлеуеті бағаланды және олардың ұзақ мерзімді инновациялық даму сценарийлері құрылды. Зерттеу әдістеріне логикалық және салыстырмалы талдау, экономикалық-статистикалық әдістер, форсайт-зерттеу тәсілі, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, сондай-ақ сараптамалық бағалау әдісі қолданылды. Нәтижесінде, 2025 жылға дейінгі ҚР аумақтық даму жоспары мен өңірлерді дамыту бағдарламалары талданды. Аталған құжаттарда моноқалаларды дамытудың макродеңгейдегі бағыттары белгіленгенімен, олардың инновациялық құрамдас бөлігі жеткіліксіз екені анықталды. Осыған байланысты әрбір моноқала үшін бәсекеге қабілетті артықшылықтарға негізделген, жергілікті ерекшеліктерді ескеретін жеке даму стратегиясын әзірлеу қажеттілігі туындайды. Инновациялық даму сценарийлері әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасын қамтамасыз етіп, адам капиталының дамуын және өмір сүру сапасының артуын көздейді. Осылайша, жүргізілген индикативтік және сараптамалық бағалау нәтижелері моноқалалардың даму мәселелері мен мүмкіндіктерін анықтауға және олар үшін оңтайлы инновациялық даму бағыттарын ұсынуға мүмкіндік берді. This article comprehensively examines the innovative potential and development opportunities of mono-cities in the Republic of Kazakhstan. The study analyzes the socio-economic development of mono-cities, forecasts their future development directions, and defines development scenarios. Based on the development potential of mono-cities, effective measures and mechanisms of state support were proposed. Using the proposed methodology, the priorities and potential for the development of mono-cities were evaluated, and long-term innovation development scenarios were developed. The research methods include logical and comparative analysis, economic-statistical methods, foresight research methods, identifying cause-and-effect relationships, and expert evaluation. As a result, the Territorial Development Plan of Kazakhstan until 2025 and regional development programs were analyzed. Although these documents outline macro-level directions for the development of mono-cities, their innovative component was found to be insufficient. Therefore, there is a need to develop individual development strategies for each mono-city, taking into account local specifics and based on competitive advantages. The innovation development scenarios aim to ensure positive dynamics in socio-economic indicators, human capital development, and improved quality of life. Thus, the results of the indicative and expert evaluation allowed for the identification of issues and opportunities for the development of mono-cities and the proposal of optimal innovation development directions for them