БАНКРОТТЫҚТЫ БОЛЖАУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІН ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫНА БЕЙІМДЕУ: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2025.1(58).17
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақстандық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, банкроттық ықтималдығын болжаудың шетелдік әдістемелерін бейімдеу және еліміздегі корпоративтік банкроттық институтының тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылған. Банкроттықты болжаудың танымал шетелдік әдістемелері талданды және олардың қазақстандық экономика мен бизнес-орта жағдайында қолданылуының негізділігі бағаланды. Банкроттық рәсімдерінің тиімділігін шектейтін негізгі заңнамалық және институционалдық кедергілер қарастырылды. Борышкерлердің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірлеген «Қаржылық тұрақтылық сыныптарының коэффициенттерін есептеу және шекараларын айқындау қағидаларының» (әрі қарай – Қағидалар) мазмұнын эксперттік бағалауға ерекше назар аударылды. Жүргізілген бағалау негізінде бұл қағидалар Қазақстанның нақты экономикалық және іскерлік ортасының шынайы жағдайын толық ескермейтіні анықталды, бұл оның борышкерлер, инвесторлар мен кредиторлар үшін тиімділігін айтарлықтай шектейді. Мақалада қаржылық тұрақтылықты болжаудың бейімделген әдістерін практикаға нәтижелі енгізу заңнаманың және институционалдық ортаның ерекшеліктерін, нарық құрылымын және макроэкономикалық жағдайларды қоса алғанда, қазақстандық бизнестің бірегей ерекшеліктерін ескеруді талап ететіндігі атап көрсетілген. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын арттыру және жеке инвесторлар үшін шарттарды жақсарту үшін қаржылық тұрақтылықты бағалау әдістерін бейімдеу және заңнамалық ортаны жетілдіру қажеттілігіне назар аударады. The article discusses the problems of adapting foreign methods for predicting the probability of bankruptcy, taking into account the peculiarities of the Kazakh economy and increasing the effectiveness of the institution of corporate bankruptcy in the country. The well-known foreign methods of bankruptcy forecasting are analyzed and their applicability in the conditions of the Kazakh economy and business environment is assessed. The key legislative and institutional shortcomings limiting the effectiveness of bankruptcy procedures are considered. Special attention is paid to the expert assessment of the content of the "Rules for calculating coefficients and determining the boundaries of financial stability classes" developed by the Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan to assess the financial stability of debtors. Based on the analysis, it was revealed that these rules do not fully take into account the specific economic conditions and realities of the domestic market, which significantly limits their effectiveness for debtors, investors and creditors. The article emphasizes that the successful implementation of adapted methods for forecasting financial stability requires taking into account the unique features of Kazakhstani business, including the specifics of legislation and the institutional environment, market structure and macroeconomic conditions. The results of the study focus on the need to adapt methods for assessing financial stability and improving the legislative environment in order to increase the financial stability of organizations in Kazakhstan and improve conditions for private investors.