ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІН ТАЛДАУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2025.1(58).16
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада туристік саланың экономикаға тигізетін әсері қарастырылған. Туризм- әлемдік шаруашылықта жылдам өсіп келе жатқан және әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларға ықпалы басым сфералардың қатарына жатады. Туристік саланың дамуы қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтандыру, көлік-тасымалдау инфрақұрылымы сияқты байланысты сфералардың дамуына негіз болады. Туризм мемлекеттегі кірістердің ұлғаюына ғана емес елдің жалпы экономикалық өсуіне де әсер ететін макроэкономикалық факторға айналуда. Мақалада Қазақстан Республикасындағы туризмнің негізгі даму көрсеткіштеріне нақтырақ туризм салаларында құрылған жалпы қосылған құн және оның жалпы ішкі өнімдегі үлесіне; орналастыру, тамақтану, ойын-сауық және демалыс салаларындағы негізгі капиталға салынған инвестицияларға; кіру, шығу және ішкі туризм түрлеріне қатысты тұтыну көрсеткіштеріне және еңбек нарығындағы жалпы жұмысбастылық пен туризм салаларындағы жұмыспен қамтылу көрсеткіштерінің 2003-2022 жылдар аралығындағы өзгерістеріне салыстырмалы талдау жасалған. Зерттеуде сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларына, 2023-2029 жылдарға арналған туризмді дамыту тұжырымдамасына, сондай-ақ Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің (WTTC) есептеріне және осы тақырыптың шеңберінде жазылған шетелдік және отандық авторлардың еңбектеріне назар аударылған. Жұмыста жалпылау, жіктеу, абстрактілі-логикалық, жүйелік және салыстырмалы талдау әдістері қолданыс тапты. The article examines the impact of the tourism industry on the economy. Tourism is one of the fastest-growing sectors of the global economy and has a significant influence on social, economic, and cultural spheres. The development of the tourism industry contributes to the growth of related sectors such as the hotel business, public catering, and transport and logistics infrastructure. Tourism is becoming a macroeconomic factor that affects not only the increase in state revenues but also the overall economic growth of the country. The article provides a comparative analysis of key tourism development indicators in the Republic of Kazakhstan. In particular, it examines the gross value added created in the tourism sectors and its share in the gross domestic product; investments in fixed capital in the accommodation, catering, entertainment, and recreation sectors; consumption indicators in inbound, outbound, and domestic tourism; as well as changes in overall employment levels and employment in the tourism sector from 2003 to 2022. The study also pays attention to the Addresses of the President of the Republic of Kazakhstan, the Tourism Development Concept for 2023–2029, as well as reports from the World Travel and Tourism Council (WTTC) and research papers by foreign and domestic authors on this topic. The study employs methods of generalization, classification, abstract-logical, systemic, and comparative analysis.