ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj202511317
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Цифрлық экономика жағдайында қызмет көрсету шарты қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экожүйелердегі субъектілердің өзара іс-қимылын реттейтін негізгі құқықтық құрал болып табылады. Цифрландыру нормативтік актілерді бейімдеуді және цифрлық ортадағы мәмілелерді реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеуді талап ете отырып, дәстүрлі құқықтық қатынастарды өзгертеді. Зерттеудің негізгі бағыты цифрлық ортада қызмет көрсету шарттарын жасасу және орындау ерекшеліктеріне, оның ішінде олардың электрондық нысанына, шарттарды келісу процестерін автоматтандыруға және смарт-келісімшарттарды енгізуге бағытталған. Зерттеу мұндай шарттардың нақты құқықтық аспектілерін, соның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді, деректерді өңдеу мен беруді және трансшекаралық қатынастардағы юрисдикция мәселелерін талдайды. Виртуалды ортада тараптарды құқықтық сәйкестендіру, ерік білдіруді дәлелдеу және міндеттемелерді сақтау мәселелері қаралады. Мақалада цифрлық мәмілелерге қатысушылардың құқықтық сенімділігі мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін заңнаманы жетілдірудің және халықаралық деңгейде құқықтық нормаларды біріздендірудің маңыздылығы атап көрсетілген. Ғылыми-зерттеу жұмысы сонымен қатар цифрлық экономикада қызмет көрсету шарттары үшін икемді және тұрақты құқықтық базаны құрудың ықтимал тәсілдерін ұсынады. Түйін сөздер: қызмет көрсету шарты, цифрлық экономика, смарт-келісімшарттар, электрондық мәмілелер, киберқауіпсіздік, халықаралық құқық.