МАССАСЫ БАР ТЕЛЕПАРАЛЛЕДІ ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t79.n1.03
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл жұмыста (2+1) өлшемді телепараллель гравитация теориясы қарастырылады, және оған қосымша массасы бар теорияға минималды байланысқан фермиондық өрістің әсері зерттеледі. Фридман теңдеулері мен фермиондық өрістің қозғалыс теңдеулері қорытып шығарылып, олардың өзара байланысы анықталды.. Космологиялық шешімдерді табу үшін Нетер калибрлік симметрия әдісі қолданылды. Сонымен қатар, алынған шешімдер мен теориялық нәтижелердің гравитацияның альтернативті түсіндірілуіне ықпалы талқыланды. Массасы бар телепараллельді гравитацияда торсияның рөлі, оның кеңістіктің динамикасына әсері және фермиондық өрістермен өзара әрекеттесуі жан-жақты қарастырылды. Бұл тәсіл гравитация теорияларының кеңейтілген моделін ұсынуға мүмкіндік береді. Жұмыста телепараллель гравитацияның дәстүрлі гравитациялық теориялармен салыстырмалы артықшылықтары қарастырылып, оның космологиялық қолданылу және онын мүмкіндіктері зерттелді. Әсіресе, біздегі алынған шешімдер арқылы қарастырылатын кеңістік-уақыттың қасиеттері және оның энергия-момент таралуымен байланысы анықталды. Теориядағы торсиялық өрістердің ықпалы зерттеліп, олардың гравитациялық әсері мен жалпы салыстырмалылық теориясымен үйлесімділігі талданды. Бұл зерттеу телепараллель гравитацияның кеңейтілген нұсқаларын дамытуға және альтернативті космологиялық модельдерді қарастыруға негіз бола алады. Алынған нәтижелер Ғаламның үдемелі ұлғаюын сипаттайтын шешімдердің бар екенін көрсетті.