ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t79.n1.23
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Білім біздің өмірімізде үлкен рөл атқарды және атқарады. Ол тұтас ұлттың, елдің болашағы. Сондықтан адамдар білім алғысы, оның ішінде сапалы білім алғысы келеді. Бұл мақалада автор қазіргі білім беру саласының мәселелері қарастырылған, мектептен бастап ЖОО-на дейінгі білім беруге қатысты сұрақтар қамтылған. Автор білім беру сапасын бағалауға тырысады. ХХІ ғасырдағы білім беру тұрақты дамып отыруы керек. Жаһандану дәуірі-ақпараттық технология дәуірі. Білім күнделікті өзгеріп отыр. Бүгін алған білім ертең ескіріп қалуы мүмкін. Сондықтан білім беру саласының алдындағы міндет - бәсекеге қабілетті, білікті, білімді мамандарды даярлау. Білім беру деңгейі жоғары мемлекеттің оқу орындарына, түлектеріне әлемдік деңгейде сұраныс жоғары болады. Қазіргі ақпараттық технология дәуірі - роботтардың, автоматтандырудың, жасанды интеллектің қарқынды дамып жатырған уақыты. Болашақта технологияға жұтылып кетпеу үшін ғылымды, білімді меңгерудің маңызын ұмытпаған жөн. Сондықтан білімді болу, сапалы білім алуға талпыну, сапалы білім беретін жоғары оқу орындарында оқу – бүгінгі жастардың өздері үшін жасайтын инвестициясы болуы керек. Мақалада қазіргі білім беру саласының түйткілді мәселелері толығырақ зерттелген.