IMPROVEMENT OF CREATIVE ABILITIES OF STUDENTS IN THE STUDY OF THE SUBJECT OF ART WORK

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t79.n1.11
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы көркем еңбек пәнінен оқушылардың шығармашылық шеберлігін арттыру үшін оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін, жаңартылған білім мазмұнына сай тиімді әдіс-тәсілдерін және деңгейлік тапсырмалардың тиімділігін оқытуда жаңартылған білім мазмұнының мүмкіндіктерін оқыту мен оқу үрдісінде алған білімдерін өмірде қолдана білетін, сауаттылығы, сыни көзқарасы қалыптасқан, өз бетінше шешім қабылдай отырып, білім алуға талпынған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Көркем еңбек оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық ойлау қабілетін, еңбекке деген жауапкершілігін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Бұл пән арқылы балалар өздерінің шығармашылық әлеуетін танытып, қолөнер мен бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыра алады. Қазіргі білім беру жүйесінде шығармашылық қабілеттерді дамыту маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Көркем еңбек пәні оқушыларға әртүрлі материалдармен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастырып, олардың қолынан өнер туындыларын жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл пән балалардың еркін ойлау, бейнелеу, конструктивті шешімдер қабылдау сияқты дағдыларын дамытады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту, оларды өз қолымен жасалған шығармаларға сүйсініп, еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыру көркем еңбек пәнінің басты мақсатының бірі болып табылады. Мұндай жұмыстар баланың жеке тұлғасын дамытуға және оның қоғамда өз орнын табуға көмектеседі. Сондықтан, көркем еңбек пәні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруде маңызды рөл атқарады және бұл процесс ұстаздың шеберлігіне, әдіс-тәсілдеріне тікелей байланысты. Осылайша, көркем еңбек пәнін оқыту барысында балалардың шығармашылық қабілетін дамыту олардың болашақта өз идеяларын жүзеге асыруға, қоғамға пайдалы істермен айналысуға дайындайды.