EFFECTIVE METHODS FOR OBTAINING CHROMIUM-MANGANESE LIGATURE IN LABORATORY CONDITIONS

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t79.n1.29
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада отандық шикізаттарды пайдалана отырып, хроммарганецті лигатураның зертханалық жағдайда технологиясын әзірлеу көрсетілген. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – хром және марганец кендерінен жоғары сапалы лигатура алу процесін оңтайландыру және оның химиялық құрамын жақсарту болып табылады. Хроммарганецті лигатура болат өндірісінде беріктік, коррозияға төзімділік және тозуға қарсы қасиеттерін жақсартатын маңызды қосымша материал ретінде қолданылады. Зерттеу жұмысы жоғары температуралы Тамман пешінде жүргізілді. Эксперименттерде хром және марганец кендері шикізат ретінде, ал ферросиликоалюминий қорытпасы тотықсыздандырғыш ретінде қолданылды. Алынған лигатураның химиялық құрамы зерттеліп, оның өндірістік мақсаттарға сәйкес келетіндігі анықталды. Зерттеу нәтижелері хроммарганецті лигатураны тиімді алу үшін оңтайлы температуралық және уақыттық параметрлерді белгілеп, оның сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Бұл жұмыс болашақта металлургиялық өндірістерде хроммарганецті лигатураны өндірудің тиімді әдістерін енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанның табиғи қорларын тиімді пайдалану арқылы отандық металлургия саласында жаңа технологиялық жетістіктерге қол жеткізуге жол ашады.