INVESTIGATION OF THE ELECTRICAL RESISTIVITY OF HIGH-ASH COALS FOR THE PRODUCTION OF COMPLEX FERROALLOYS

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t79.n1.26
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Көмір электрод және көміртекті графит өнімдерін өндірудің бастапқы материалы ретінде ғана емес, сонымен қатар графитация үшін пешке, тотықсыздандырғышты және жылу оқшаулағышты жүктеу кезінде белсенді қарсылық рөлін атқарады. Оның меншікті электр кедергісі пештің жұмыс кеңістігінде электр қуатының біркелкі таралуына айтарлықтай әсер етеді, бұл өз кезегінде соңғы өнімнің сапасына және өндірістің энергия шығындарына әсер етеді. Жұмыстың өзектілігі металлургия өнеркәсібіне, оның ішінде ферроқорытпалар өндірісіне қажетті кешенді ферроқорытпаларды балқыту үшін жоғары күлді көмірлерді қолдану мүмкіншілігі зерттелді. Зерттеу нысаны ретінде «Сарыадыр» және «Борлы» көмірлері таңдалды. Зертханалық зерттеу жұмыстары жоғары температуралы Тамман зертханалық пешінде орындалды. Көмірдің меншікті электр кедергісін зерттеу 0,02–0,04 МПа қысыммен жүргізілді. Көмірдің электр өткізгіштігінің өзгеруі бойынша зерттеулер қызу жылдамдығы 15град/минутта 25-1600°С температура аралығында жүргізілді. Температураға байланысты шикіқұрам материалдардың меншікті электр кедергісі пайда болуының негізгі заңдылықтары анықталды. Ұсынылған өлшеу әдісі бойынша шикіқұрам материалдарының физика-химиялық қасиеттері туралы терең ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жоғары күлді «Сарыадыр» көмірі жоғары температурада тұрақты меншікті электр кедергісіне ие бола отырып, балқу кезінде оңтайлы режимге қол жеткізуге болатындығы анықталды.