МҰНАЙБЕРГІШТІКТІ АРТТЫРУ ҮШІН СО2 ЖӘНЕ БАСҚА ГАЗ АЙДАУ ӘДІСТЕРІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРДЕ БАҒАЛАУ: ТИІМДІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/bb202510217
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жұмыста СО₂, азот және көмірсутек қоспаларын пайдалана отырып, мұнайбергіштікті арттыру (EOR) үшін газ әдістерінің тиімділігін кешенді зерттеу ұсынылған. Минамалды араластыру қысымын (MMP) бағалау үшін теориялық есептеулер де (PVTi талдауы) және жіңішке құбырлы эксперименттік зерттеулерді модельдеулері қолданылды, бұл әдістер арасында, әсіресе CO₂ және этан бар қоспалар үшін айтарлықтай айырмашылықтарды анықтады. Нәтижелер CO₂ және көмірсутек қоспасы CH₄–C₃H₈ ең қолайлы араласу көрсеткіштеріне ие екенін және технологиялық тиімділік пен практикалық орындылықтың оңтайлы үйлесіміне қол жеткізуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Сонымен қатар, CO₂ CCS технологияларындағы коллекторларда ұзақ уақыт сақталуына байланысты қоршаған ортаға айтарлықтай пайда әкелді. Агенттердің тиімділігін сандық бағалау үшін Petrel – ECLIPSE 300 шоғырында интеграцияланған гидродинамикалық модель құрастырылды, ол қабаттың сүзу және сыйымдылық қасиеттерін және сыну жүйесін ескереді. Модельдеу нәтижелері СО₂ және көмірсутек қоспаларының мұнай беру және технологиялық тұрақтылық тұрғысынан артықшылығын растады. Азот, керісінше, жұмыс қысымының жоғары талаптары мен күрделі шығындардың артуына байланысты төмен тиімділік көрсетті. Нәтижелер СО₂ және оңтайландырылған газ қоспаларын пайдалануды қолдайды, ...