ТҰРАҚТЫ ДАМУ КОНТЕКСТІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІ: ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕР МЕН ӘДІСТЕР

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2025.83.1.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылым мен технологияның қарқынды дамуы жағдайында студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру ерекше маңызға ие.Мақалада тұрақты даму контекстінде химияны оқытудың заманауи тәсілдері қарастырылады. Қазіргі таңда тұрақты даму контекстіндегі химия пәні маңызды орын алады, себебі ол өмірдің молекулалық негіздерін зерттеуден бастап, болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ете алатын жаңа энергия көздерін құруға дейінгі көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, авторлар химия мамандығы бойынша білім алатын 2 курс студенттеріне арналған "Химия пәнінен ғылыми-зерттеу жұмысының негіздері" дисциплинасын оқыту кезінде қолдануға болатын зерттеу әдістемесін ұсынады.Бұл әдістемелік тәсіл болашақ мамандардың сыни ойлауын, экологиялық жауапкершілігін және зерттеу құзыреттілігін дамытуға бағытталған.Жұмыста негізгі педагогикалық принциптер, белсенді оқыту әдістері, сондай-ақ тұрақты дамуды білім беру процесіне біріктіруге бағытталған практикалық тапсырмалар мен жобалардың мысалдары сипатталған.Студенттерге теориялық білімді игеріп қана қоймай, оларды практикалық іс-әрекетте қолдануға мүмкіндік беретін жобалық және проблемалық-бағдарланған оқытуды енгізуге ерекше назар аударылады.Бұл тұрғыда зерттеу зертханалары, химиялық процестерді модельдеу үшін цифрлық технологияларды пайдалану, сондай-ақ тұрақты дамуды жан-жақты зерттеуге ықпал ететін пәнаралық тәсіл сияқты оқытудың инновациялық әдістері қарастырылады.Ұсынылған оқыту әдістемесі студенттердің ақпаратты өз бетінше іздеу дағдыларын қалыптастыруға, экологиялық қауіпсіз технологияларға баса назар аудара отырып химиялық эксперименттер жүргізуге, сондай-ақ жасыл химия принциптерін ескере отырып алынған деректерді талдауға бағытталған. Ол үшін баламалы энергия көздерін зерттеу, қалдықтарды қайта өңдеу, қоршаған ортаның ластануын бақылау және табиғатқа ең аз әсер ететін жаңа материалдарды әзірлеуді қамтитын арнайы оқу модульдері әзірленді.