Аңдатпа
Мақалада Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыруда география курсының рөлі қарастырылады. ТДМ білім беру үрдісіне интеграциялау оқушылардың ғаламдық проблемаларға саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететін педагогиканың маңызды бағыты болып табылады. БҰҰ әзірлеген ТДМ қоғамның және экономиканың дамуына, сондай-ақ экологияны сақтау үшін әмбебап бағдарламаларды ұсынады. ТДМ барлық адамдар үшін әл-ауқатты ескере отырып, планетамен табиғаттық қорғауға бағытталған және оларды жүзеге асыруда мүмкіндіктері бар.ТДМ-ны білім беру үрдісіне қосу тұрақты болашақтық қалыптастыруға саналы әрі жауапкершілікпен қарау қабілетті жаңа ұрпақты тәрбиелеуге ықпал етеді. География пәнін оқытуда Тұрақты даму мақсаттарын терең зерттеу академиялық білімді тұрақты болашақ құру үшін қажетті өмірлік дағдылармен үйлестіре отырып, оқытудың жаңа көкжиегін ашады. География кіріктірілген ғылым саласы ретінде оқушылардың бойында экологиялық мәдениет және табиғи, әлеуметтік, экономикалық процестердің өзара қатынастары туралы жүйелі түрде ойлау қабілеттерін қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер береді.Әсіресе, Тұрақты даму мақсаттарының түйінді аспектілері пәнді оқыту арқылы оқушылардың пәндік құзыреттерін қалыптастыруға жағдай жасайтын әдістемелік тәсілдермен педагогикалық технологияларды даярлауға ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, Тұрақты даму мақсаттарын климаттың өзгеруі және экожүйені сақтау сияқты оқулық материалдары тақырыптарына кіріктірудің мысалдары келтіріледі. Оқушылардың жобалық және зерттеу жұмыстары арқылы алған білімдерін практикада қолдануларына көмек беретін оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады.Нәтижесінде Тұрақты даму мақсаттары тұрғысынан географияны оқыту арқылы оқушылар қазіргі заманның ғаламдық сын-қатерлерін түсініп, олардың әлеуметтік жауапкершіліктермен экологиялық шешімдер қабылдау қабілеті артады.