ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІНІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ОҚЫТУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.89.1.025
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Білім беру саласында жасанды интеллекттің маңыздылығы артып келеді, ал GenAI студенттердің оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу материалдарын жекелендіруге және олардың практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада генеративті жасанды интеллект технологияларын бағдарламалауды оқытудағыпедагогикалық құрал ретінде қолданудың теориялық негіздері мен практикалық аспектілері қарастырылады. Сонымен қатар, жасанды интеллектіні оқу процесіне интеграциялаудың негізгі әдістері, артықшылықтары және шектеулері талданады. Зерттеу барысында жасанды интеллект құралдары оқыту процесін автоматтандыру және жекелендіру үшін қолданылған. Әсіресе, студенттерге бағдарламалау негіздерін меңгеру барысында жасанды интеллект динамикалық кері байланыс беруге, алгоритмдерді түсіндіруге және қателерді түзетуге көмек көрсететін құрал ретінде пайдаланылды, этикалық мәселелер мен технологияның білім сапасына ықпал етуі талқыланды. Мақалада жасанды интеллекттіні бағдарламалау курстарында қолдану тиімділігін арттыруға арналған практикалық ұсыныстар берілді. Бұл зерттеу білім беру саласында инновацияларды енгізуге және жасанды интеллект құралдарын пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал етеді. Аталмыш тәсіл бағдарламалауды оқытудың сапасын жақсартып, студенттердің шығармашылық және техникалық дағдыларын дамытуғанегізделген.