ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕГІ АДАПТИВТІ ОҚУ ПЛАТФОРМАСЫНӘЗІРЛЕУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.89.1.029
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада жасанды интеллект негізіндегі адаптивті оқу платформасынәзірлеудіңалғышарттары қарастырылған. Мақаланың мақсаты -қолданыстағы оқыту платформаларын талқылау арқылы, жалпы білім беретін мектептерге ЖИ негізінде адаптивті оқу платформасын әзірлеу қажеттілігін дәлелдеу. Зерттеу жүрзігуде бақылау, сұқбаттасу және құжаттарды талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде платформаны жетілдіру үдерісінде технология, білім беру және пайдаланушы тәжірибесін жобалау саласындағы сарапшылардың тығыз өзара әрекеттесуі қажет екенін көрсетті. Пайдаланушылар –мұғалімдер мен білім алушылар, қолданыстағы платформаны пайдаланудың жалпы оң әсерін атап өтті. Сондай-ақ, зерттеу платформаның білім алушылардың мотивациясын, белсенділігін және оқу нәтижелерін жақсартуға ықпал ететінін, оқыту дербестендіретін адаптивті платформаларға жетілдіру қажеттігін көрсетті. Дегенмен, адаптивті оқыту платформаларын жетілдіру үшін, бұл үдеріске қатысты дерекқор құру, ЖИ алгоритмдерін әзірлеу және деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету білім алушылардың дамуына қосымша зерттеулер мен қосымшалар қажет екендігі анықталды.