MINI-VGGNET НЕГІЗІНДЕГІ КОНВОЛЮЦИЯЛЫҚ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕР КӨМЕГІМЕН ЖЕЛІГЕ РҰҚСАТСЫЗЕНУДІАНЫҚТАУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.89.1.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Киберқауіптердің қарқынды өсуі және желілік трафиктің ұлғаюы жағдайында желілік шабуылдарды анықтау және алдын алу киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті міндеттеріне айналуда. Бұл зерттеудің мақсаты теңгерімсіз желілік трафиктегі ауытқуларды анықтау үшін тиімді Mini-VGGNet үлгісін әзірлеу болып табылады. Зерттеу сонымен қатар ықтимал қауіптерді дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін деректердегі уақытқа тәуелділікті талдауға бағытталған. Жұмыста желілік деректерден белгілерді алу үшін конволюциялық қабаттар мен пулинг қабаттарын қамтитын mini-VGGNet архитектурасына негізделгентерең оқыту әдістемесі қолданылады. Анықтау тиімділігін арттыру үшін деректерді өңдеу әдістері қолданылады, соның ішінде қажет емес мәндерді жою және қалыпқакелтіру, бұл модельдің оқу сапасын жақсартады. Модель нақты уақыттағы ауытқуларды анықтауға және желілік трафиктің өзгеруіне бейімделуге мүмкіндік беретін желілік шабуылдардың әртүрлітүрлерін қамтитын деректер жиынтығында оқытылады. Зерттеу нәтижесінде ұсынылған модельдің тиімділігін растайтын желілік интрузияларды анықтауда жоғары дәлдікке қол жеткізілді. Нәтижелер Mini-VGGNet моделі ауытқуларды анықтау жылдамдығы мен дәлдігіне қатысты дәстүрлі әдістерденайтарлықтай жоғары екенін көрсетеді. Жұмыстың маңыздылығы оның киберқорғау әдістеріндамытуға және үнемі өзгеріп отыратын киберқауіптер жағдайында аса маңызды болып табылатын ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға қосқан үлесі болып табылады. Нәтижелер киберқауіпсіздікті одан әрі зерттеу және желілік шабуылдарды анықтау үшін жетілдірілген модельдерді әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.