АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКСАЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҮШІН ПЛАТФОРМА ҚҰРУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.89.1.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала цифрлық егіздер технологиясын қолдану кезінде туындайтын ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау және басқаруға арналған платформа әзірлеуге бағытталған. Зерттеу цифрлық егіздердің 4.0 Индустриясы шеңберіндегі рөлі мен маңызын, әсіресе өндіріс, энергетика, ақылды қалалар және киберфизикалық жүйелер салаларында қарастырады. Ақпараттық қауіпсіздікке қатысты тәуекелдер мен олардың себептері анықталып, оларды азайту жолдары ұсынылады. Прогностикалық талдау, жасанды интеллект, адаптивті қауіпсіздік жүйелері, криптографиялық технологиялар және блокчейн сияқты жаңашыл әдістер талқыланып, олар цифрлық егіздер платформаларының қауіпсіздігін арттыруға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл әдістер цифрлық егіздер жүйелерінің сенімділігін арттыру үшін маңызды құралдар, ал оларды интеграциялау платформалардың жұмысын тиімді әрі қауіпсіз етуге ықпал етеді. Осының нәтижесінде, цифрлық егіздер жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы оларды басқарудың тиімділігін арттыру, бизнес процестерді оңтайландыру және жаңа мүмкіндіктер ашу мақсатында қолданылады. Сонымен қатар, осы әдістер ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай болуын және цифрлық егіздер платформаларының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.