ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТРИХИНЕЛЛЕЗБЕН ЗАҚЫМДАНУ ДӘРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-4-1-225-234
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстанда жыл сайын 100 мың тұрғынға шаққанда трихинеллездің 0,58 жағдайы тіркеледі, дегенмен бұл көрсеткіштер нақты емес. Адамдар трихинелла балаңқұрттарымен залалданған шикі немесе шала пісірілген етті тұтынған жағдайда жұқтырады. Еліміздің әр аймағына тиісті трихинеллездің табиғи ошақты сипаты бар. Сезімтал жануарлар арасында трихинеллездің таралу динамикасы туралы деректер іс жүзінде жоқ болғандықтан, аурудың алдын алу шараларын ұйымдастыруды қиындата түседі. Мақалада Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ресми рұқсатпен атып алынған жабайы жануарлар өлекселерінің (8 қабан, 70 қасқыр, 9 қарсақ, 21 түлкі және үш борсық) 111 бұлшықет ұлпа сынамаларын компрессорлық трихинеллоскопия және молекулалық генетикалық зерттеу нәтижелері көрсетілген. Трихинелла балаңқұрттарынан бөлінген ДНҚ үлгілері түрлерді генотиптеу үшін ITS1, ITS2 және ESV ішкі транскрипцияланған аймағына бағытталған 5 түрлік телімді праймерлері көмегімен мультиплекстік полимеразалы-тізбекті реакциясында (ПТР) зерттеліп, барлық аймақтарда Trichinella nativa түрі таралғаны дәлелденді. T.nativa ең жоғары инвазия экстенсивтілігі (ИЭ) қасқырларда 30%, түлкілер мен борсықтарда, сәйкесінше, 19% және 23,4% болды, ал жабайы қабандар мен қарсақтарда трихинеллалар анықталмады. Жабайы жануарлардың T.nativa залалдануының орта инвазия интенсивтілігі (ИИ) 1 г бұлшықетке шаққанда 4,7 балаңқұртты құрады.