Аңдатпа
Мақалада ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, Алматы қаласындағы мал дәрігерлік клиникалардан алынған дерматомикоз індетімен ауырған ит және мысық және қояндардан алынған сынамаларды тексеру нәтижесі келтірілген. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында жиналған залалды сынамалардан 84 түздік изоляттар бөлініп алынды. Бөлініп алынған түздік изоляттардың иммунобиологиялық қасиеттері (иммуногендігі, залалдылығы, уыттылығы,) анықталып, зертханалық жануарларда яғни қояндарда тексерілді.