ҚОШҚАРЛАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ ЭПИДИДИМИТІНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУДА АГГЛЮТИНАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2025-1-1-197-205
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қошқарлардың жұқпалы эпидидимитін диагностикалаудың заманауи әдістері мен тәсілдері кеңінен қарастырылған. Жұқпалы эпидидимит – бұл қошқарлардың аталық бездерін зақымдайтын және олардың репродуктивті функциясына теріс әсер ететін ауру. Бұл ауру мал шаруашылығында елеулі экономикалық шығындарға әкеп соғады, себебі жұқпалы эпидидимиттің салдарынан қошқарлардың ұрықтандыру қабілеті төмендейді. Сонымен қатар, эпидидимиттің диагностикасын анықтау үшін қолданылатын жаңа әдістер мен технологиялардың тиімділігі қарастырылған. Бүгінгі таңда қолданылып жүрген зертханалық тесттер мен диагностикалық құралдардың нәтижелері салыстырылып, олардың дәлдігі мен қолдану ауқымы талданған. Ауруды ерте кезеңде анықтап, оның алдын алу шараларын уақытында қабылдау маңызды, себебі бұл малдардың денсаулығын сақтау үшін тиімді болып табылады. Бұл мақалада қошқарлардың жұқпалы эпидидимитін агглютинация реакциясы (АР) арқылы диагностикалау үшін овистік түсті антиген әзірлеу зерттелді. Зерттеуде Brucella ovis 10/2 штаммы пайдаланылып, антиген рН 8,2-9,2 физиологиялық ерітіндіде 80 ºС температурада 2 сағат инактивацияланды. Антигенді түстендіру үшін әртүрлі бояулар қолданылып, олардың диагностикалық тиімділігі бағаланды. Нәтижелер көрсеткендей, 0,1%-дық кристалды-күлгін және белсенді қызыл-күлгін 2КТ бояулары антигенді айқын түстендіріп, серологиялық реакция нәтижелерін оқуды жеңілдетті. Осылайша, әзірленген овистік антиген АР-ның сезімталдығы мен ерекшелігін арттырып, диагностика процесін оңтайландырады.