ИКСОД КЕНЕЛЕРІ ТУДЫРАТЫН МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА МАЛЫНЫҢ THEILERIA ANNULATA АУРУЫНЫҢ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТАРАЛУЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2025-1-1-205-215
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Соңғы жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылығы жағдайындағы өңделмеген жерлердің көлемінің артуына байланысты Ixodidae қансорғыштар (кенелер) санының көбеюі жиі байқалады. Бұл паразиттер бабезиоз, тейлериоз, нутталиоз және анаплазмоз сияқты трансмиссивті инфекциялық ауруларды таратуда маңызды рөл атқарады. Бұл ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі мен саулығына айтарлықтай әсер етеді. Осы зерттеу жұмысы Батыс Қазақстан облысында мүйізді ірі қара малындағы қансорғыш паразитарлық аурулардың таралуын зерттеуге арналды. 100 бас мүйізді ірі қара малының қаны мен 93 кенелердің үлгісін талдау нәтижесінде T. annulata қоздырғышы 29% қан үлгілерінде анықталды. Сонымен қатар, аймақта иксодидті кенелердің едәуір түр құрамы бойынша әртүрлілігі тіркелді, олардың көпшілігі қауіпті аурулардың потенциалды тасымалдаушылары болып табылады. Кенелер арқылы таралатын ауруларды тиімді мониторингтеу және алдын алу үшін қазіргі заманғы молекулалық диагностика әдістерін, яғни, полимеразды тізбектік реакция (ПТР) арқылы негіздеуді ұсынуға болады. Мұндай технологияларды пайдалану қоздырғыштарды жедел анықтауға, жануарлар мен кенелердің инфекциямен залалдану деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл эпизоотиялардың алдын алу және мал шаруашылығында экономикалық шығындарды азайту үшін өте маңызды.