АЗ КӨЛЕМДІ ГИДРОПОНИКА ЖАҒДАЙЫНДА ҚИЯР МЕН ҚЫЗАНАҚТЫҢ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-1-2-44-54
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Елімізде жылдың әр мезгілінде халықты тұрақты түрде сапалы жемістермен өамтамасыз етудің жолы-қолданыстағы жылыжай кешенін жаңғырту, сондай-ақ ұлттық және еуропалық стандарттардың барлық талаптарына жауап беретін жаңа жылыжайлар құру. Бұл жағдайда ең перспективалы-гидропоникалық жүйелерді қолданатын жылыжай кешендерін құру. Бұл жүйелердің бірқатар кемшіліктеріне, сондай-ақ жабдықтардың қымбаттығына қарамастан, гидропоника жүйелері бірқатар Еуропа елдерінде, Солтүстік Америкада, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бірқатар мемлекеттерде жоғары рентабельділігін көрсетті. Үлдірлі жылыжайларда жүргізілген зерттеулер тәжірибеге тартылған қияр өсімдіктерінің өскіндері ертерек пайда болғанын, өсудің жеделдегенін, қарқынды бұталанғанын және ассимиляция бетінің бақылаумен салыстырғанда 30% артқанын көрсетті. Томат өсімдіктері де үлкен өнімділігімен сипатталды. Бірқатар морфологиялық көрсеткіштер бойынша тәжірибедегі өсімдіктер бақылауға қарағанда 1,5-2 есе жақсырақ болды. Бұл әсіресе дамудың алғашқы кезеңдерінде айқын көрінді. Жеміс беру кезеңінде тәжірибедегі қияр өсімдіктері үлкен жапырақтарымен, мол бүйірлік өсінділерімен, бір өсімдікке есептегендегі түйіннің көптігімен (50%) ерекшеленді, бұл тәжірибедегі өсімдіктердің әлеуетті өнімділігінің жоғарылағанын көрсетеді. ТОО «World Green Company» жылыжай кешенінде жүргізілген ғылыми зерттеулер аз көлемді гидропоника жағдайында қиярдың Mewa және қызанақтың Torero сорттарын өсірген тиімді екендігін көрсетті.