ЖЕЛ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕЛЕРДІ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ЖЕЛ ТУРБОГЕНЕРАТОРЛАРЫНЫҢ ІРГЕТАСЫН ЕСЕПТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-3-2-223-231
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада қуаты 4,8 МВт жел турбинасы іргетасының жер төсемімен динамикалық өзара әрекеттесу мәселесі қарастырылды. Жұмыстың мақсаты-осы өзара әрекеттесуді ескеретін модельді әзірлеу және талдау, сонымен қатар инженерлік тәжірибеде қолдану үшін есептеу әдістерін жеңілдету. Зерттеу жер төсемі жартылай шексіз кеңістік ретінде ұсынылған және жел турбинасының іргетасымен өзара әрекеттесу серіппелі-демпферлік элементтермен модельденетін модель құруды қамтиды. Есептеулерді жеңілдету үшін қаттылық пен демпферлік коэффициенттерді анықтауға арналған формулалар ұсынылды, олар ұсталған жер төсемінің ені турбина негізінің енінен едәуір асатын жағдайларда есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді (5 және 10 есе). Әзірленген әдістерді қолданудың мысалы ретінде Бадамша ауылында орналасқан жағалаудағы жел турбинасына талдау жасалынды. Сандық модельдеу нәтижелері ұсынылған модельдің және жеңілдетілген есептеу әдістерінің сәйкестігін растайды, бұл оларды жел турбиналарын жобалау және салу үшін пайдалы етеді. Осы зерттеу Қазақстанда жел турбиналарын жобалау саласына үлес қосады, іргетас пен жер төсемінің динамикалық өзара әрекеттесуін дәлірек және тиімді талдау үшін жаңа тәсілдер мен әдістерді ұсынады, бұл болашақта мұндай құрылымдардың сенімділігі мен экономикалық тиімділігін арттыру мүмкіндігін береді.