КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІН ТАЛДАУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-3-3-55-66
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада өндірістегі негізгі қауіпті өндірістік фактор бұрынғысынша электр тогы болып табылатыны және оның жұмысшыларға әсері әртүрлі электр жарақаттарына әкелетіні айтылған. Сондай-ақ кәсіпорындардың энергетикалық шаруашылығында жұмысшылардың электр жарақаттарының көздері, олардың пайда болу себептері және кәсіпорындардың статистикалық деректеріне талдауы жасалған. Жазатайым оқиғалар негізінен жұмысшылардың келісілмеген әрекеттеріне және жөндеу немесе монтаждау жұмыстары жүргізілетін желі учаскелерінің қате қосылуына әкелетін байланыс болмаған кезде орын алатыны және техникалық қызмет көрсету тұрғысынан ең қауіптілері жоғары вольтты элементтер болып табылатыны белгіленген. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылықтарының қауіпті және зиянды өндірістік факторлары, электрмен жабдықтау жүйесінің деңгейлері анықталды және жұмысшыларды орындалатын жұмыс түрлері мен рұқсат беру тобы бойынша бөлуі беріледі. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылықтарындағы жұмыстарының барлық түрлерін орындауға, сондай-ақ бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес электр қауіпсіздігі бойынша тиісті рұқсаты және қажетті біліктілігі болатын тұлғалар жіберілетіні, ал кәсіпорындардың энергетикалық шаруашылықтарындағы жүргізілген апаттық талдау жазатайым оқиғаның туындау ықтималдығын арттыратынын көрсететіні атап өтілді. Апаттың себептерін анықтау және ұйымдастырушылық-техникалық шараларды енгізу кәсіпорын басшылығының алдында тұрған негізгі міндет болып табылады.