ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ ОТАНДЫҚ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІ МЕН ӨНІМДІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ҮШІН SNP ТОЛЫҚ ГЕНОМДЫ ТАЛДАУЫН ПАЙДАЛАНУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-2-2-266-276
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Equine 80k HTS («Illumina Inc.», АҚШ) микрочиптерін пайдалану негізінде бір нуклеотидті полиморфизмдердің (SNP) отандық жылқылардың өнімділік қасиеттерімен байланысын толық геномды іздеу және генетикалық әртүрлілігін зерттеу нәтижелері келтірілген. Жылқылардың келесі тұқымдары мен типтері зерттеу нысаны болып табылды: жабы (n = 631), адай (n = 303) және найман (n = 158) типтері, мұғалжар (n = 584), көшім (n = 226) және қостанай (n = 116) тұқымдары. SNP-генотиптеудің сапасын бақылау PLINK1.9 бағдарламалық жасақтамасын қолдану арқылы жүргізілді. Деректерді өңдеу және визуалдандыру үшін PLINK1.9, R-пакет, BEAGLE, ADMIXTURE, CLUMPAK және FigTree бағдарламалары қолданылды. Сапаны бақылау және талдауға қолдану нәтижелері бойынша іріктеп алынған маркерлердің қорытынды жиынтығына 60 987 SNP кірді. Жылқылардың фенотиптік деректері бойынша ақпарат сынамаларды іріктегенге дейін жиналды, бұл ретте шоқтығының биіктігі, тұрқының қиғаш ұзындығы, кеудесінің орамы, жіліншігінің орамы және тірілей салмағы сынды көрсеткіштер есепке алынды. Жылқылардың барлық зерттелетін тұқымдары күтілетін және бақыланатын гетерозиготалықтары бойынша бір-біріне өте жақын мән көрсетті – орташа есеппен 0,3478 және 0,3443. Бақыланатын гетерозиготалық дәрежесі қазақ тұқымының адай типі және мұғалжар тұқымында 0,3402-ден көшім тұқымында 0,3514-ке дейін ауытқыды. Басты компонеттер әдісі (principal component analysis, PCA), ADMIXTURE бағдарламасы, күтілетін және бақыланатын гетерозиготалықтар (He және Ho), фиксация индексінің жұп мәндері (Fst) негізінде аталмыш зерттелетін тұқымдар арасында генетикалық өзгергіштік жоқ екені анықталды. Осылайша SNP толық геномды талдауын алғаш рет пайдалану арқылы жылқылардың отандық тұқымдарының генетикалық әртүрлілігін зерттедік. Бұл нәтижелер тұқымдардың гендік қорын терең зерттеудің және ауыл шаруашылығы өндірісінің келешегі үшін олардың мәнін бағалаудың бастамасы болып табылады. Талдау барысында дәнекер тіні мен сүйек жүйесінің, жүйке жүйесінің, иммундық жүйесінің даму және басқа үрдістерді реттеуге қатысатын гендермен тіркескен 60 полиморфизм анықталды. Атқарылған жұмыс барысында аталмыш тәсілдерді толық геномды-ассоциативтік зерттеулерде жеке белгілермен байланысы бар, дара СНП детекциялау барысында қолданудың өзектілігі расталды.