«ДОСЖАН» ШҚ ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ТҰҚЫМЫ ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫ МЕН ЭКСТЕРЬЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-2-2-229-237
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ауыл шаруашылығы малдарының ет өнімділігі көбінесе генетикалық потенциалмен анықталады, оның орындалуы малдарды дұрыс азықтандыру және бағып-күту жағдайларына байланысты. Сонымен бірге жануарлардың әрбір түріне тән биологиялық даму заңдылықтары бар. Көптеген биологиялық мәселелердің ішінде ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі - қойдың өсуі мен дамуы. Бұл организмнің барлық өнімділік және эктерьерлік-конституциялық ерекшеліктерінің қалыптасуымен байланысты. Сондықтан өсу заңдылықтарын зерттеу және оларды жануарлардың онтогенезін басқаруда пайдалану, өнімділік көрсеткіштері мен мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттырудың қосымша резерві қызметін атқарады. Мақалада қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының қозыларының жастың әр кезеніндегі өсу динамикасы мен экстерьерлік ерекшеліктерінің сипаттамалары берілген. Алынған төлдің жастары қосылған сайын орташа тәуліктік салмақ өсу қарқыны баяулайтындығы туралы ғылыми деректер келтілірген. Зерттеуге алынған «Досжан» ШҚ қойларының жас аралығына байланысты дене өлшемдерінің өзгергіштігі айтарлықтай жақсы дамып, тезжетілгіш етті-майлы қой тұқымдарының физиологиялық ерекшеліктеріне сай өсіп-жетілудің жалпы заңдылықтарына ие келеді. Әр топтар бойынша дене өлшемдерінің көрсеткіштері шамалы артықшылық статистикалық сенімсіз болды. Бұл жағдай төлдің туғаннан бастап еңесінен айырғанға дейінгі өсу және даму энергиясы ең алдымен еңе сүттілігіне байланысты екендігімен түсіндіріледі.