ҚОЗЫЛАРДЫҢ РЕСПИРАТОРЛЫҚ АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЕМДІК ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-2-1-150-160
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ауылшаруашылық жануарлары төлдерінің тыныс алу жүйесі аурулары әлемнің барлық елдерінде кеңінен таралған және олар жануарлардың тірідей салмағы мен өнімділік және өсіп-көбею көрсеткіштерінің төмендеуіне, жас төлдердің өлімінің жоғары болуына байланысты мал шаруашылығына орасан зор экономикалық зиян келтіреді. Қазіргі уақытта респираторлық ауруларды емдеу және алдын алу мақсатында көптеген антимикробты препараттар жан-жақты қолданылады, бірақ оларды ұзақ уақыт қолдану көбінесе біршама жанама әсерлерге душар еткізеді. Сондықтан қазіргі кезде биожетімділігі жоғары өсімдік тектес препараттарға артықшылық беріледі. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жергілікті өсімдік шикізатынан жасалған препараттарды қолдану тыныс алу патологиясы бар қозылардың аурушаңдық қаупінің едәуір төмендеуімен, сонымен қатар аурулардан 100% сақталуымен және бақылау тобымен салыстырғанда жануарлардың тірідей салмағының айтарлықтай жоғарылауымен сипатталады. Тиімді профилактикалық және емдік зат ретінде дәрілік өсімдіктердің 4 түрінен тұратын кешенді фитопрепаратты қолдану ұсынылды. Кешенді фитопрепаратты қолданудың профилактикалық тиімділігі тәжірибе тоында 96,7% болса, ал бақылау тобында тек 80% болатындығы анықталды. Егер су экстракциясы бар өсімдік препараттарын (тұнба, қайнатпа) қолданудың емдік тиімділігі 96,7% болса, ал спиртті экстрактілердікі (сығынды) 100% болды. Тәжірибелік топтағы қозылардың орташа тәуліктік және абсолютті тірідей салмағының артуы бақылау тобындағы жануарларға қарағанда орта есеппен 15-16% - ға көп болатындығы анықталды. Демек, фитопрепаратты кешенді түрде қолдану қозылардың иммундық жағдайын жоғарылатуға ықпал етеді, бұл ауылшаруашылық жануарлары төлдерінің жаппай респираторлық аурулары кезінде профилактикалық және емдік тиімділігінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Жүргізілген зерттеу нәтижелері қозылардың тыныс алу аурулары кезінде дәстүрлі емдеу-алдын алу шараларының тиімділігін арттыратын зат ретінде пайдалану үшін дәрілік өсімдіктерден алынған жаңа дәрілік препараттарды ұсынуға негіз бола алады.