ШӨЛДІ ЖЕРЛЕРДЕГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ АПАТҚА ҰШЫРАҒАН ЖЕРЛЕРДІ ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН БАҚЫЛАУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-1-2-109-116
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік және оңтүстік батыс аудандарындағы жайылымдарды бағалау арқылы, олардың орналасуы, төмен өнімділігі, дефляция қаупі әрі құмдардың кең аумағы жайлап басып келеді. Дефляцияны жою, жайылымдардың ішіндгі өнімділіктерді қалпына келтіру, жердің тұрақтылығы мен өнімділігін арттыру мақсатында жайылым айналымы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жайылымдардың өнімділігінің төмендігі топырақтың тозуымен аса байланысты. Топырақтың тозуы негізінен эрозияның кең көлемде таралуымен, топырақ жамылғысында болатын өзгерістермен,ол өзгерістер экологиялық және экономикалық залалдардың мөлшерімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде жағдайы нашар және өзгеріске апарған жерлерді игеру және қалыпқа ендіру, суаруға арналған жерлердің топырақ-мелиоративтік және экологиялық ахуалын қалыпқа келтіру және адамзатты шаруашылықтың барлық түрінің экологиялық жаңа дәнімен толықтыру еліміздің жер ресурстарын тұрақты игеру мен басшылық етудің әлемдік проблемасы деп қарастырады. Зерттеудегі негізгі мақсат – шөлді жерлердегі,соның ішінде мал шаруашылығы саласына арналған жерлердің жай-күйін анықтап,геоақпараттық жүйе (ГАЖ) көмегімен бақылау жүргізу. Осыған сәйкес, қазіргі уақытта жайылымдық жерлeрді жақсылап жүргізу деңгейлері, жайылымдардың өнімділігін және малдың жаю мерзімдерін арттыру мақсатында жайылым айналым шаралары көптеп ұйымдастырылу қажет.