Аңдатпа
Мақалада Батыс Қазақстан облысының "Қуаныш" ШҚ-да өсірілетін түрлі генотипті 4 және 8 айлық еркек қозылардың тірілей салмақ динамикасының салыстырмалы деректері мен бақылау сойысыкөрсеткіштері келтірілген. Бірінші топ ақжайық етті-жүнді саулықтарын солтүстік-кавказдық қошқарларымен шағылыстырудан алынған еркек қозылары, ал екінші топ ақжайықтұқымы аналықтарын куйбышевтықаталықтарымен будандастыру арқылы туылғанұрпақтары болып табылады. Бақылау сойысыкезінде булы ұшаның салмағы бойынша ІІ топтағы 4 айлық жасындағы еркек қозылары І топтағы қатарластарынан 5,3% - кебасым болғаны, ал 8 айлық кезеніңде бұл айырмашылық 4,1% - ті құрағаны анықталды.Сойыс көрсеткіштері бойынша екі топтың еркек қозыларының арасында да кейбір айырмашылықтары бар екеніңдігі анықталды. Осылайша, ІІ топтағы еркек қозылардың4 айлық жасындағы сойыс шығымы 47,2%, 8 айда – 49,4%, ал І топтағы қатарластарында тиісінше 46,40% және 48,70% құрады. Бұл ретте ІІ топтағы еркек қозылары І топтағы қатарластарынан 4 айлық жасында 0,8% - ке артық болды, ал 8 айдағы айырмашылық 1,4% - ті құрады. Жұмсақ етінің салмағы бойынша ІІ топтағы еркек қозылары барлық жас кезеңінде І топтағы қатарластарынан жоғары болды. Осылайша, 4 айлық жаста бұл көрсеткіш 78,7%, ал 8 айлығында 79,7% құрады, тиісінше сүйекті тінінің салыстырмалы шығымы – 21,3% және 20,3%. 1 кг жұмсақ еттің энергетикалық құндылығын салыстыру кезінде сенімді айырмашылықтар анықталды. Сонымен, екінші топтың будандарының 1 кг еттің энергетикалық мәні 2428 МДж құрады, бұл бірінші топпенсалыстырмалы қарағанда 196 МДж-геартық болды. 8 айлық етті-жүнді еркек қозыларының етінің химиялық құрамын зерттеу барысында жасыөскен сайын ет құрамындағы ақуыз мөлшері азайып, майдың арта түсетіні анықталды. Бұл денеде бұлшықет массасының қалыптасуыбелсенді жүретіндігіментүсіндіріледі, ал жасына қарай май жиналатыны белгілі болды.