КҮН ЭНЕРГИЯСЫ – БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ РЕТІНДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-4-2-213-221
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Энергия көздерінсіз адамның өмірін елестету қиын. Дәстүрлі энергия көздері - мұнай, газ, көмір, отын — уақыт өте келе таусылады. Кейбір деректер бойынша, бұл алдағы онжылдықтарда болады. Дәстүрлі көмірсутекті энергия көздерінен — ағаштан, көмірден, мұнайдан, газдан ауысу мәселесі өзекті бола түсуде. Дәстүрлі энергия көздерінің сарқылу перспективасынан басқа, экологиялық проблема да бар, өйткені көмірсутек отынын жағу атмосфераға зиянды қалдықтардың шығарылуына әкеледі, адамның тіршілік ету ортасын нашарлатады, экологиялық проблемалар тудырады. Үлкен үміт күткен атом энергиясын пайдалану да көңіл қоншытарлықтай емес, өйткені ол экологияға қатысты мәселелерді тудырады. Бұл мақалада алдағы уақытта қалпына келетін энергия көздеріне өтудің маңыздылығы егжей-тегжейлі қарастырылған. Атап айтқанда күн сәулесін толыққанды пайдаланып, энергия өндірудегі үлесін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қалпына келмейтін пайдалы қазбалардың көлемі жөнінде статистикалық зетрттеулер келтірілген, сонымен қатар күн панельдерінің пайдалы әсер коэффициентін арттыру мақсатындағы зерттеулер мен олардың салыстырылуы көрсетілген. Күн панельдерінің пайдалы әсер коэффициентін арттыру мақсатында қолайлы перовскит минералы жөніндегі зерттеулер келтірілген. Соңымен қатар, перовскит минералының қасиеттері, сондай-ақ перовскит негізіндегі күн элементтерінің маңыздылығы қарастырылып, перовскиттер және оларды дайындау қандай мәселелермен кезігетінін және перовскит негізіндегі күн элементтерінің жасалу және өлшеу жолдары келтірілген.