АВТОМОБИЛЬ ШИНАЛАРЫНЫҢ ТОЗУЫНА ӘКЕЛЕТІН ФАКТОРЛАР

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-4-2-247-257
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастап автомобиль өнеркәсібінің қарқынды дамуымен автомобильдер біртіндеп адамзаттың негізгі көлік құралы ретінде пайдаланыла басталды. Сондықтан көлік құралын қауіпсіз жүргізу де басты мәселеге айналды. Қазіргі уақытта автомагистралда болатын жол көлік оқиғаларының жартысынан көбі шинаның тозуы салдарынан туындайды, олардың көпшілігі шиналардың тесілуінен болады. Шиналардың тесілуінің негізгі себептері – шина беттінің қатты тозуы немесе шинаның қалыпты емес қысымы, бұл жоғары жылдамдықта немесе қатты тежеу кезінде болуы мүмкін. Автокөліктердің негізгі құрамдас бөлігі ретінде шиналар, көліктерді пайдалану кезінде олардың жүргізу қабілетіне үлкен әсер етеді. Жыл сайын нарыққа 1,6 миллиардқа жуық шина шығарылады және шинаны өндіру тұрақты түрде артуда, сұраныс көптеген елдерде және әсіресе дамушы елдерде алдағы бірнеше жылда жоғары сұранысқа ие болады деп күтілуде. Шиналар көлік құралының ажырамас бөлігі болып саналады. Жол мен шиналар арасында тарту, тежеу және рульдік күштер жүреді және бұлар көлік қозғалысын басқарады. Дегенмен, шиналар тозады және тозу кезінде адам ағзасына зиянды бөлшектердің шашырауына, сондай-ақ тозған шиналарды жою кезінде қоршаған ортаға зиян келтіретін қауіпті заттардың таралуына әкеледі. Осылайша тозу себептері туралы көбірек ақпарат білу арқылы, шинаның тозуын азайтуға болады, көлік құралының қауіпсіздігі артады және экономикалық, экологиялық тұрғыдан пайдалы болады.