Влияние поверхностно-активных веществ в растворе роста на морфологию структур оксида цинка

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/rcph20259219
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Беттік-белсенді заттар жартылай өткізгіш материалдарды синтездеу кезінде маңызды рөл атқарады. Кристалдардың өсу сипаты беттік-белсенді заттардың кристалдар бетінде селективті адсорбциялануы арқылы өзгертілуі мүмкін, бұл олардың пішінін басқаруға мүмкіндік береді. Беттік-белсенді заттарды қолдану және өсу ерітіндісіндегі беттік-белсенді заттардың концентрациясын бақылау арқылы морфологиясы әртүрлі ZnO наноқұрылымдары 95°C температурада гидротермалды әдіспен синтезделді. Өсу ерітіндісіндегі ББЗ-дың ZnO құрылымдарының морфологиясына әсері зерттелді. Зерттеулер нәтижесінде ZnO бөлшектерінің өлшемі мен өсу ерітіндісіндегі ББЗ концентрациясы арасындағы корреляция алынды. Сканерлеуші электронды микроскопия кескіндері мырыш оксидінің морфологиясы ББЗ 5 салм.% және 10 салм.% концентрациясын қосқанда стержень тәрізді пішіннен пленка тәрізді пішінге өзгергенін көрсетті. Рентгендік дифракциялық спектроскопия (XRD) талдауының нәтижелері барлық үлгілерде мырыш оксиді фазасының бар екенін көрсетті. Наностержендердің диаметрі ББЗ концентрациясының жоғарылауымен артатыны анықталды. ББЗ концентрациясының жоғарылауымен жүйелі өсу механизмі зерттелуде. Алынған нәтижелер көптеген функционалды қолданыстар үшін селективті ZnO өсіруге көмектеседі. Өсірілген үлгілер мөлдір өткізгіш электродтар және фотокатализаторлар ретінде, сондай-ақ газ датчиктері мен электрохимиялық сенсорлардың негізі ретінде қолданылуы мүмкін.