Аңдатпа
Мақалада Мирча Элиаденің дінтану саласындағы негізгі кон- цепциялары қарастырылып, олардың қазіргі ғылымдағы рөлі мен маңы- здылығы жан-жақты талданады. Дін тарихшысының зерттеулері дінтану саласындағы негізгі классикалық ізденістер екені сөзсіз, осы концепция- ларды талдай отырып Элиаденің діни тәжірибедегі тұжырымдары қазір- гі дінтану саласында маңызды көрсеткіштер екенін оқырман назарын аудартуды жөн санаймыз. Элиаде діннің әмбебап құрылымын түсіндіру мақсатында «қасиетті мен жерлік», «иерофания», «архаикалық ойлау», «миф», «символ», «діни универсализм» және «уақыт» ұғымдарын қалып- тастырды. Осы концепциялардың діни сананың құрылымын зерттеудегі ықпалы сарапталып, жаңа интерпретация ұсынылды. Элиаденің иде- ялары діни тәжірибенің әмбебап заңдылықтарын ашып, оның мәдени және рухани процестерге тигізетін әсерін көрсетеді. Ол дінді тек сенім жүйесі ретінде ғана емес, адамзаттың әлемді тану тәсілі ретінде қарасты- рады. Элиаденің мифтер мен символдарға қатысты көзқарастарының діни дүниетанымдағы орны анықталып, олардың адамдардың рухани өміріндегі атқаратын қызметі көрсетіледі. Оның теорияларының қазір- гі дінтану ғылымындағы өзектілігі талданып, символдар мен мифтердің адам өміріндегі маңыздылығы айқындалды. Зерттеу нәтижесінде Эли- аде тұжырымдарының дін феноменологиясына қосқан үлесі мен олар- дың қазіргі заманғы дінтанулық зерттеулердегі маңызы жаңа қырынан бағаланды. Элиаде тұжырымдары діннің адам өміріндегі маңызын ашуға, мифтер мен ритуалдардың қоғамдағы атқаратын қызметін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.