The Metaphysical Significance of Baba Tukty Shashty Aziz: Manifestation in Historical Consciousness and Spiritual Space

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-1281-2025-150-1-43-59
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл жұмыста Баба Түкті Шашты Әзизді қазақ ғылымындағы дәстүрлі жыр-аңыздық кейіпкер ретіндегі келбетімен қатар, оны нақты өмірде өмір сүрген тарихи тұлға ретінде қайта зерделеуге бетбұрыстар жасалынады. Сондай-ақ оны тарих пен философияның кең контексінде қарастыра отырып, тағылымға толы өмірі, ілімін және түрік-қазақ дүни- етанымындағы рөлі пайымдалады. Баба Түкті Шашты Әзіз туралы деректер талданады, оның болмысын әр қырынан қарастырған тарихи, мәдениеттану- лық, діни, философиялық зерттеулер негізге алынады. Баба Түкті болмысы- ның тарихи-философиялық негіздерін, соның ішінде далалық-түркілік және исламдық идеялармен арақатынасы салыстырылады да, өзіндік функционал- дық мәні мен қызметі бар сакралдық нысандығын тану басты орын алады. Бір қырынан, Исламға дейінгі түрік дүниетанымның көріністерін білдіретін мифоэпикалық топқа жататын бейне-тұлға ретінде танығысы келетін немесе кейінгі Алтынорда дәуірінде көрініс берген қасиетті жан ретінде репрезента- циялайтын бірқатар зерттеушілердің көзқарастарына баламалы талдаулар ұсынады. Оның тұлғасын рухани, қазақ батырлық-күш мәдениеті аясын- дағы мистикалық құбылыстардың бірі ретінде ғана емес, эпикалық және шежірелік дәстүрдегі пірлік маңыздылығы мәселесіне назар аудару нарратив білімдерді де бағалау қажеттігі тұрғысынан қолға алынады. Нәтижесінде, ав- торлар оның тұлғалық болмысы мен қазіргі қазақ мәдениеті мен дүниета- нымындағы орнына, демистификациялық-мистификациялық, дематифизи- каландыру-метафизикаландыру, прагматистік-практикалық, діни және діни сенімдік дүниетаным тұрғысынан келе отырып қорытындылар жасайды.