The role of major ethical theories in the era of technological globalization

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-1281-2025-150-1-7-22
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада дәстүрлі этикалық теорияларды қазіргі заманның өзгеріп отыратын технологиялық ландшафтына қалай қолдануға және бейімдеуге болатындығы қарастырылады. Қазіргі қоғам адам өмірінің құрылымын ғана емес, сонымен қатар біздің өміріміздегі құндылықтар мен нормаларды түсінуді түбегейлі өзгертуге мүмкіндігі бар технологи- ялық революцияның шегіне тұрақты түрде жақындап келе жатқаны атап өтілді. Құпиялылық, деректер қауіпсіздігі, Автоматтандыру және техноло- гияның қауымдастықтарға әсері сияқты мәселелерге қатысты аспектілер талданады. ХХІ ғасыр өмір салтын, жұмысты және әлеммен өзара әрекет- тесуді өзгерткен бұрын-соңды болмаған технологиялық жетістіктердің куәсі болды. Бұл өзгерістердің этикалық аспектілері және олардың қоғамға және жеке адамдарға әсері қарастырылады. Негізгі этикалық теориялар мен тұжырымдамаларға шолу жасалады: утилитаризм, деонтология, әле- уметтік келісім теориясы және т.б. олардың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері қазіргі технологиялық парадигма белгілеген этикалық мәсе- лелерді шешуге қолдану тұрғысынан белгіленеді. Бұл теориялар жаһан- дық коммуникацияның жаңа технологияларына байланысты туындай- тын этикалық сын-қатерлерге қалай қолданылатыны зерттелуде. Этика тек абстрактілі ұғым емес, қазіргі қоғамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады, онда адамдар күнделікті технологиялық (ақпарат- тық) байланыс жағдайында жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр бола- ды. Этикалық нормалардың болмауы жойқын салдарға әкелуі мүмкін және моральдық жауапкершілікті дамыту императивті талапқа айналады деген қорытынды жасалады. Бүгінгі таңда этиканы тиімді қолдану тұрақты және үйлесімді әлем құру қажеттілігіне айналуда.