Аңдатпа
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін арнайы педагогтердің кәсіби дайындығы қазіргі кездегі өте маңызды мәселелердің бірі десе де болады. Білім беру парадигмаларының өзгеруі, білім беру ортасының өсіп келе жатқан өзгермелілігі, білім беру кеңістігінің ашықтығы, әртүрлі білім беру үлгілері мен технологияларының қатар өмір сүруіне әкеліп соғады - мұның бәрі қазіргі педагогтың бойындағы маңызды деп санауға тиіс қасиеттері туралы идеяны түбегейлі өзгертеді. Мақалада инклюзивті білім беруде жұмыс істеуге арнайы педагогты дайындаудың әртүрлі тәсілдері қарастырылған. Осыған байланысты өзекті мәселелердің бірі – білім беру жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі, білім беру субъектілеріне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қазіргі қоғамға әлеуметтік-мәдени интеграциялау. Білім және ғылым министрлігінің басқарушы құжаттарына сәйкес, қазіргі білім берудің мақсаттары белгілі бір қызмет саласы үшін тек мамандарды дайындаумен шектелмейді, маңыздысы әр адамның жеке басын дамытып, оның кәсіби дайындық деңгейін арттыру болып табылады. Мақалада инклюзияны жүзеге асыруға арнайы педагогтарды дайындаудың бастапқы және маңызды кезеңі психологиялық-құндылық өзгерістер кезеңі және оның мамандарының кәсіби құзыреттілік деңгейі екендігі атап көрсетіледі.