Аңдатпа
Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың бейнелі есте сақтау қабілетінің ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың бейнелі есте сақтау қабілетінің ерекшеліктерін талдау және олардың когнитивтік дамуындағы өзгешеліктерді анықтау. Мақалада бейнелі есте сақтау қабілетінің жас ерекшеліктеріне байланысты дамуы, есту қабілеті зақымдалған баланың мектепке дейінгі кезеңде есте сақтау қабілетінің даму үрдісі, когнитивті процестердің даму ерекшеліктері жайлы атап өтіледі. Сонымен қатар, жалпы есте сақтау қабілеті жайлы теориялық талдаулар көрсетілген. Нашар еститін балалардың есте сақтау мәселесін зерттеу, баланың болашақта оқу дағдыларының дамуында маңызды рөл атқарады, өйткені есте сақтау қабілеті когнитивтік процестердің негізі болып табылады. Мұндай зерттеулер осы процестерді тиімді түрде қолдау және дамыту үшін қажетті түзету жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.